Жарияланған күні: 26.04.2016 17:54
Өзгертілген күні: 26.04.2016 17:55

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы № 479-V Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) қол қойылды, соған сәйкес ЕДБ немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың «электрондық үкімет» төлем шлюзімен арқылы кедендік баждарың және салықтардың төленген сомасы туралы берген мәліметпен және ақпаратпен тауарларды шығару үшін, кедендік баждарың және салықтардың төленгенін растау бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 138-бабының 9-тармағына өзгерту енгізілгенін хабарлайды.

         Жоғарда көрсетілген Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұл ретте ресми түрде Заңды "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылы 31 наурыздағы № 60 (28788) және "Казахстанская правда" газетінде 2016 жылы 31 наурыздағы № 60 (28186) жарияланды.