Жарияланған күні: 03.07.2019 16:41
Өзгертілген күні: 03.07.2019 16:43

     Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, келесі хабарлайды.

 1. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:

      1) жабдықтар;

      2) ауыл шаруашылығы техникасы;

      3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;

      4) тікұшақтар мен ұшақтар;

      5) теміржол локомотивтері мен вагондар;

      6) теңіз кемелері;

      7) қосалқы бөлшектер;

      8) пестицидтер (улы химикаттар);

      9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар;

      10) тірі ірі қара мал бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (бұдан әрі – Салық кодексі) 428 бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.

      Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Бұл ретте бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын тауарлар енгізіледі.

      2. Салық кодекстің 428 баптың қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері қосылған құн салығын төлеуші әкелетін:

      1) одан әрі өткізуге арналмаған;

      2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;

      3) Салық кодекстің 428 баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.

      3. Қосылған құн салығын төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде салық органына:

      1) Салық кодекстің  456-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды;

      2) тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын беретін, тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының нақты тауар кіші субпозициясына жатқызуға мүмкіндік беретін құжаттарды ұсынады. Қажет болған жағдайда бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа да құжаттар ұсынылады.

      4. Салық кодекстің 428 баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.

      5. Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде есептеу мен есепке жатқызуда көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап бес жыл ішінде Салық кодекстің 428 баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы тауарларды әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде төленуге жатады.

      Бұл ретте:

      1) Салық кодекстің 428 баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды амалсыз сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу немесе осындай малдардың агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормалары шегінде кемуі (қырылуы);

      2) Салық кодекстің 442-бабына сәйкес айқындалған импортталған тауарлар есепке қабылданған күннен кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.

      6. Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады.

      7. Салық кодекстің 428 баптың ережелері лизинг шартында көзделген лизингтік төлем сомасына тура келетін қосылған құн салығының сомасы бөлігінде сыйақы есептелмей, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларға да қолданылады.

 

Экспорттық бақылау басқармасы