Жарияланған күні: 10.04.2019 09:15
Өзгертілген күні: 10.04.2019 09:17

Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі «Дизель отынын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 90 және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 16 бірлескен бұйрығына сәйкес  Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлік құралымен дизель отынын (ТН ВЭД ЕАС 2710 19 421 0 – 2710 19 425 0 коды) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынды.

         Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                Кедендік бақылау басқармасы