Жарияланған күні: 26.07.2018 11:20
Өзгертілген күні: 26.07.2018 11:22

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар

және өзге мүдделі тұлғалар!

 

2018 жылғы 25 шілдеде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік бақылау басқармасы СЭҚ қатысушылармен, соның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушiлермен және Департаменттің «Қостанай-КРО» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларымен тауарларды ЕЭО кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері және тауарға арналған декларацияның 33.2 және 31.1-бағандарды декларацияланатын тауары туралы мәліметті сапалық толтыруды талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

Зияткерлік меншік объектілерін қорғау мәселелері тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты.

Бұл көріністің трансшекаралық сипатын ескере отырып кедендік шекара арқылы контрафактілі өнімдерді тыю және алдын алу саласында кеден қызметі бірте-бірте неғұрлым маңызды рөл атқарады.  

СЭҚ қатысушылары және кеден өкілдері атынан кедендік құжаттарды қалыптастыратын тұлғалар, соның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушiлер Кеден одағы комиссиясының 20.05.2010 жылғы № 257 шешімімен бекітілген Кедендік декларацияларды толтыру және кедендік декларациялардың нысандары бойынша нұсқаудың (24.04.2017 жылғы № 35 шешімімен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) талаптарын қатаң сақтау қажет.

Осыған байланысты ТД 31-бағанында декларацияланатын тауарлар туралы барлық мәліметтерді толығымен толтыру қажет, егер декларацияланатын тауарлар  зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген  зияткерлік меншік объектілерін және (немесе) белгілерінен тұрса, ТД 33.2-бағанын толтыру кезінде «И» (интеллектуальная собственность) әріпін қою қажет.