Жарияланған күні: 12.09.2018 15:30
Өзгертілген күні: 12.09.2018 15:31

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті СЭҚҚ, тасымалдаушылардан, кеден тасымалдаушыларынан  ЕАЭО кеден аумағынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпараттардың берілуі туралы хабарлайды.

Алдын ала ақпараттандыруды қауіпсіздіктің шеңбер стандарттарын енгізу және сауданы жеңілдету, Дүниежүзілік кеден ұйымының жүргізіп жатқан жұмыстары шеңберінде жеткізілімдердің интеграцияланған тізбегін басқаруды енгізу үшін негіз болып табылады және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында қойылған интеграциялық үрдістерді тездету және тереңдету мәселелері бойынша қойылған міндеттерге толығымен сәйкес келеді.

Алдын ала ақпараттандыру концепциясы сауда қызметіне тартылған  немесе тасымалдау үрдісінде қатысушыларға стандартталған ақпаратты және импорт, экспорт және транзит туралы заңдардың талаптарын орындау үшін кірістің бір нүктесіне құжаттарды ұсынуға мүмкіндік беретін Бірыңғай электрондық терезе түсінігімен тығыз байланысты.

Алдын ала ақпараттандыруды ұсыну тәртібі тауар өткізілетін көліктің түріне байланысты Комиссияның шешімімен анықталады:

1. Әуе көлігі - Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылдың 1 желтоқсандағы № 158;

2. Теміржол көлігі - Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылдың 17 қыркүйектегі № 196;

3. Автомобиль көліктері- Кеден одақ комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы № 899.

Алдын ала ақпарат интернет-ресурстар пайдаланыла отырып, Тұлға мемлекетінің кеден органының ақпараттық жүйесі мен мүдделі тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы тәсілмен ұсынылады. Алынатын алдын ала ақпарат құпия сипатта және кеден мақсаттарына пайдаланылады.

Бұл ретте алдын ала ақпараттандыруды пайдаланудың артықшылығы мыналар болып табылады:

  • Алдын ала ақпараттандыруды транзиттік декларацияның электрондық көшірмесі ретінде пайдалану;
  • Өткізу пунктінде өтуге уақыттың қысқаруы;
  • Өткізу пунктінде кеден өкіліне жүгінудің болмауы;
  • Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес кеден органының тауарларды шығару туралы шешімді қабылдауға уақытты 24 сағаттан 2 сағатқа қысқарту;
  • ҚР кеден органдарының Web-порталы арқылы  көлік құралының тіркелуі, транзиттік декларацияны шығару және межелі орынға жеткізу туралы ақпаратты алу.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының Web-порталы (pi.customs.kz)  алдын ала ақпаратты қалыптастыру және ұсыну үшін шектеусіз барлық СЭҚ қатысушыларына ашық екенін назарға саламыз, аталмыш порталға кіруге рұқсат пайдаланушыларды  қарапайым тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

                                                         Кедендік бақылау басқармасы