Жарияланған күні: 31.03.2015 15:48
Өзгертілген күні: 31.03.2015 15:50

       Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бойынша қорытындыларды қабылдау тәртібі.

 

Кеден одағы Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Бірыңғай тауар номенклатурасына (КО СЭҚ БТН) сәйкес тауарларды сыныптау кеден органдарына жүктелген. Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларында мемлекеттік кірістер органдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштері негізінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға КО СЭҚ БТН коды бойынша қорытындыларды ұсынатындығы анықталған. Аталмыш қорытындының белгіленген нысаны және толтыру тәртібі бар және тауарларды жеткізуге жеке сыртқы экономикалық шартқа (келісімшарт) беріледі. Қорытындыларды беру Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жазбаша өтініш тіркелген күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде тегін жүргізіледі. Өтініште келісімшарт, толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары және тауарды бір мәнде сыныптауға мүмкіндік беретін өзге де ақпараттар болуы қажет. Қажет болған жағдайда өнімнің фотоларын, суреттерін, сызбаларын, төлқұжатына сұрау салады.

КО СЭҚ БТН-ге сәйкес тауарларды сыныптауға қатысты барлық сұрақтар бойынша Сіздер Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 183, телефондары: 537050, 536348, 537433 мекенжайы бойынша орналасқан Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жүгіне аласыздар.

 

Нұрғазина Л.А. МКД тауар номенклатурасы және кедендіқ құн басқармасының басшысы