Жарияланған күні: 27.11.2015 18:14
Өзгертілген күні: 27.11.2015 18:16

«Кедендік баждар, салықтар және өсімақыларды төлеу»

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  мынаны хабарлайды.

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы  Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 138-бабының нормаларымен кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу кедендік баждардың, салықтар мен өсімпұлдың түріне сәйкес Қазақстан Республикасының кірістердің бірыңғай бюджеттік сыныптамасының (бұдан әрі – бюджеттік сыныптау кодтары) тиісті кірістер коды бойынша жүргізіледі.

Төлеушiлер кедендiк баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеудi екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргiзедi. Кедендiк баждарды, салықтар мен өсiмпұлдарды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеушi кеден органы тiркелген жердегi салық органының (бұдан әрi – бенефициар салық органы) деректемелерiн көрсетедi.

       Төлеушінің тапсырмасы бойынша кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлды үшінші тұлғалар төлеген кезде төлем құжатының төлем арналымында кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлды төлеу жүргізетін төлеушінің толық атауы, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірі қосымша көрсетіледі.

 

Жазылғандардың негізінде, жоғарыда аталған Кодекстің нормаларын біркелкі қолдану және басқа мемлекеттік органдарға ақша қаражатын қате аудару фактілерін болдырмау мақсатында, кедендік баждар, салықтар және өсімақыларды төлеу кезінде төлем құжаттарында салық органы-бенефициар – Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын БИН 961040000576 көрсету қажет.