Жарияланған күні: 26.12.2017 17:53
Өзгертілген күні: 26.12.2017 17:54

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден өкілдері, кедендік декларациялау бойынша мамандары, сыртқы экономикалық қатысушылары және басқа да  мүдделі тұлғалардың «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)  32-бабын және «Кедендік декларациялау бойынша маманның біліктілік аттестаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы №238 ҚР ҚМ бұйрығын (бұдан әрі - №238 бұйрық) орындау үшін, кедендік декларациялау бойынша маманның біліктілік аттестаттарын алуына байланысты біліктілік емтихандарын өткізуге Департаменттің жауапты лауазымды тұлғалары тағайындалды, 2017 жылға біліктілік емтихандарын өткізу кестесі әзірленді және бекітілдігенін назарына  жеткізеді .

Осы айда емтихан 2017 жылы 29 желтоқсанда 10.00  сағатта Қостанай облысы бойынша МКД-нің мекемесінде өткізілінеді.

Біліктілік аттестаттары бар кедендік декларациялау бойынша мамандарға, сондай-ақ аталмыш аттестатты алуға үміткер басқа да  тұлғаларға, біліктілік емтихандарын тапсыруға Кодекстің 32-бабымен белгіленген құжаттарды уақытылы жолдау қажеттігін ескертеміз.

Сонымен қатар, №238 бұйрықтың 11-тармағына сәйкес Қостанай облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің мүшелері емтиханды өткізу кезінде қатыса алады.