Жарияланған күні: 29.05.2017 10:39
Өзгертілген күні: 29.05.2017 10:41

Кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  мынаны хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV кодексiнің 142-бабына сәйкес төлеуші кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе кеденге өтініш беруге құқылы.
Кеден органы аталған берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралым әліметтерді:

1) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны таратуды, қайта ұйымдастыруды мемлекеттік тіркеу кезінде қажетті, кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында – берешектің жоқ екендігі туралы анықтама);
2) осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге жағдайларда кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама) жасау және беру арқылы төлеушіге ұсынады.

Кеден органы өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша тоқтатылмаған міндеттемелерді көрсете отырып, кедендік төлемдерді және салықтарды есепке алу деректері бойынша кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы жасайды.

Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және анықтаманы жасаған кеден органының мөрімен куәландырылады және берілген кезден бастап күнтізбелік отыз күн бойы жарамды болады.

Дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда, кеден органы берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы төлеушінің көрсетілген анықтамалардың біреуін алуға берген өтінішінің және кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша салыстырып-тексеру актісінің негізінде береді.

Кеден органы төлеушінің көрсетілген анықтамалардың біреуін алуға берген өтініші тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы беруге міндетті. 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы