Жарияланған күні: 07.12.2017 17:43
Өзгертілген күні: 07.12.2017 17:44

«Кедендік төлемдер, салықтарды қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығымен бекітілген және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес жүргізіледі. Кодекстің 144-бабына сәйкес, кедендік баждар, салықтарды төлеу келесі тәсілдермен қамтамасыз етіледі:

      ақшамен;

      банк кепілдігімен;

      кепілгерлікпен;

      мүліктік кепілмен;

      сақтандыру шартымен.

Кодекстің 151-бабына сәйкес, тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ететін сома тарифтік преференциялар мен кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді есепке алмай, ішкі тұтыну үшін тауарлар шығару немесе экспорт кедендік рәсімдерімен орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларына негізделе отырып айқындалады, бірақ тауар кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік жеңілдіктер мен преференцияларды есепке алмай, ішкі тұтыну үшін тауарларды шығарудың немесе экспорттың кедендік ресімдерімен Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумақтарында орналастырылған сияқты Кеден одағына мүше осы мемлекеттердің аумақтарында төленуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың сомаларынан кем болмауға тиіс. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын айқындау үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы қолданылады.

Кодекстің 143-бабына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету: егер төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың және пайыздардың сомалары – кедендік декларация тіркелген күні, ал егер кедендік декларация ұсынылмайтын болса, қамтамасыз етуді ұсынбау туралы шешім қабылданған күні қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бес жүз евроға баламалы сомадан аспайтын болса берілмейді.

 

 

Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасы