Жарияланған күні: 09.10.2017 11:50
Өзгертілген күні: 09.10.2017 11:52

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

 

2017 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасында кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің интегрирленген кедендік  сыңарының «Кедендік транзит»  жүйесі тәжірибелі пайдалануға енгізілгенін хабарлаймыз.

1 қазаннан бастап алдын ала ақпараттандыру, кедендік транзит кедендік рәсіміне және тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен байланысты операциялар Астана-1 ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

Транзит кедендік рәсімі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Департаменттің 53-72-44 Call-орталығында  кеңес алуға болады.