Жарияланған күні: 01.07.2019 10:14
Өзгертілген күні: 01.07.2019 10:18

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті                            2019  жылдың  12 қаңтарынан  бастап Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі-ЕАЭО) аумағында 2018 жылдың 13 шілдесіндегі № 49 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген тауарлардың шығарылуын анықтаудың жаңа преференциалды емес ережелері (бұдан әрі - ережелер) күшіне енгенін хабарлайды.

Ереженің 25-тармағында келесі норма белгіленгеніне назар аударамыз:

 «2014  жылғы  29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген, тауардың шығу тегіне байланысты ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылған жағдайда, бір көлік (тасымалдау) құжаты бойынша бір алушының атына одақтың кедендік аумағына әкелінетін және жалпы кедендік құны 150 АҚШ долларына баламалы сомадан асатын ұқсас тауарлардың шығу тегі тауардың шығу тегі туралы сертификатпен (ішкі нарықты қорғаудың қолданылатын шараларының сақталуын растау жағдайын қоспағанда) расталады".

Бұл ретте қағидалардың 14-тармағында «ұқсас тауарлар» деп Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының сол кодымен жіктелетін және оларға қатысты ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылатын тауарлар сияқты сипаттамасы бар тауарлар түсінік беріледі.

Қазіргі уақытта ЕАЭО-да 16 қорғау шаралары қолданылады.

Осылайша, Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде ереженің күшіне енуімен ұқсас тауарлардың импорты барлық жағдайларда тауардың шығу тегі тек шығу сертификатымен расталуы қажет.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 60 шешіміне сәйкес, 2019 жылғы 16 қаңтарда күшіне енетін дамушы және аз дамыған елдерден тауарлардың шығарылу тегін  анықтау қағидалары бекітілгенін қосымша хабарлаймыз.

 

Қосымша:  13 бетте.

 

 

 

Тарифтік реттеу басқармасы