Жарияланған күні: 14.02.2018 12:29
Өзгертілген күні: 14.02.2018 12:30

Жаңа кеден кодексімен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу кезінде кедендік құнды анықтау бөлігінде жаңашылдықтар енгізілген.

Енді ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнына оларды ЕАЭО кедендік аумағынан әкету үшін сату кезінде ЕАЭО кедендік аумағынан әкету орнына дейін көлік шығындары қосылмайтынын атап өткен жөн.

ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу жағдайында, сондай-ақ әкетілетін тауардың мәлімделген кедендік құнын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда,  мұндай тауарлардың кедендік құнын ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілген ұқсас тауарлар  бойынша билігіндегі мәліметтер немесе тәуелсіз сараптама нәтижелері негізінде   кеден органы анықтайды.

Қалған бөлімдерде әкетілетін тауарлардың кедендік құнын анықтау өзгеріссіз қалдырылған.