Жарияланған күні: 02.02.2017 13:02
Өзгертілген күні: 02.02.2017 13:03

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген, Салық және Кеден кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, мыналарды назарларыңызға жеткізеді. 

Қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС)

6.1 ҚҚС босату

Салық кодексінің 248-бабы 20) тармақшасында халықаралық тәжірибеге сәйкес қарыз операцияларды ҚҚС босату мақсатында, осындай қарызды ұсынатын тұлғаның меншік нысанына қарамастан төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарға арналған ақшалай нысанында қарыз операцияларды ҚҚС босатуды көздейтін өзгерістер енгізілді.

6.2 Мүлікті уақытша иелену мен пайдалануды ұсыну (беру) кезінде  айналым жасау күнін айқындау

Айналым жасау күнін айқындау бойынша тәртібін оңайлату мақсатында Салық кодексінің 248-бабы 2-3-тармақтары алып тасталынды. 2017 жылдан бастап мүлікті жалға беру кезінде айналым жасау күні айналым жасау күнін айқындау бойынша жалпы ережелерге сәйкес айқындалады.

6.3 Шот-фактура бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға қатысты

Салық кодексінің 256-бабы 3-тармағын нақтылау мақсатында сол салық кезеңінде:

- тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алу күні;

- шот-фактураны жазып беру күнгі күннен барынша кешіктіріліп жазып берілген шот-фактура бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға қатысты өзгерістер енгізілді;

6.4 Электрондық нысанды шот-фактураны жазып беру оның ішінде электрондық нысанды міндетті түрде электрондық шот-фактураны жазып беруге кезең-кезеңімен көшу

2015 жылы Салық кодексінің 263-бабына электрондық нысанды міндетті түрде электрондық шот-фактураны жазып беруге кезең-кезеңімен көшуді белгілеу бойынша өзгеріс енгізілді, атап айтқанда:

- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – уәкілетті экономикалық операторлардың міндетті түрде электрондық шот-фактураны жазып беруі;

- 2016 жылғы 1 шілдеден бастап – кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері, кеден қоймаларының иелерінің міндетті түрде электрондық шот-фактураны жазып беруі;

- 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – барлық ҚҚС төлеушілердің  міндетті түрде электрондық шот-фактураны жазып беруі;

Қазақстан Республикасы ЭШФ АЖ базасында ДСҰ тауарларын қадағалауды есепке алу жүйесін құру бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер алдында өзіне міндеттерді қабылдауына байланысты,  міндетті түрде ЭШФ жазып беруге кезең-кезеңімен көшу қаралған:

- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;

- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – ҚҚС төлеушілер;

6.5 Салық кодексінің 263-бабы 3-тармағында экспорттың кеден рәсімінде тауарларды шығарған жағдайда шот-фактураны жазып беру мерзімін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізілді;

Сонымен, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап экспорттың кеден рәсімінде тауарларды шығарған жағдайда шот-фактураны жазып берудің мынадай мерзімдері белгіленді:

- қағаз жеткізгіште – өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей;

- электрондық нысанды – өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей;

6.6 Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағының 4) тармақшасында тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алуда қолма-қол есеп айырысқан жағдайда БКМ чегін сатып алушы табыс ету кезінде шот-фактураны жазып беруді талап етпеуі көзделген. Тиісінше, тауарлар, жұмыстар, қызметтерді өткізу кезінде, ол бойынша төлем төлем карточкасымен (қолма қолсыз) жүргізілсе, салық төлеушіде шот-фактураны жазып беру бойынша міндеттідлігі туындайды.

Қолма-қол есеп айырысу мен қолма-қолсыз есеп айырысу үшін өткізу кезінде шот-фактураны жазып беру бойынша талаптарды теңестіру мақсатында, Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағы пост терминал арқылы төлем карточкасын пайдаланумен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде  шот-фактураны жазып беру бойынша талаптарын алып тастайтын 7) жаңа тармақшамен толықтырылды.

7. НДҚҚС қайтару

7.1 Салық кодексінің нормаларын Халықаралық темір жол жүк қатынасы (ХТЖҚК) туралы келісіммен сәйкес келтіру мақсатында тікелей халықаралық темір жол-паромы жүк қатынасында жүктерді тасымалдау кезінде нөлдік мөлшерлемені қолдануды көздейтін, нақтылайтын түзетулер енгізілді.

Көрсетілген түзету сондай-ақ Ақтау теңіз порты арқылы халықаралық темір жол-паромы жүк қатынасында жүктерді халықаралық тасымалдауға ынталандыруға ықпал етеді.

7.2 Халықаралық тасымалдауды орындайтын шетелді әуе компанияларының әуе кемелеріне жанар жағар май материалдарын құюды растайтын құжаттардың тізбесін қысқарту мақсатында Салық кодексінің 244-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы алып тасталынды және 2) тармақшаның редакциясы нақтыланды