Жарияланған күні: 12.02.2016 11:29
Өзгертілген күні: 12.02.2016 11:38

Көлік құралдарына салықты аудару және төлеу тәртібіне өзгерістер енгізуге қатысты салық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 432-V ҚРЗ-на сәйкес, 01.01.2016 жылдан бастап  көлік құралдарына салықты аудару және төлеу тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Енгізілген өзгерістерге байланысты Салық кодексінің 134-бабының 1-тармағына сәйкес келетін мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері  қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден  аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылмайды.

Жеке тұлғаларды салық төлеуден босату бөлігіндегі даудама сұрақтардан қашу үшін, Салық кодексінің 365-бабына нақты сипаттағы өзгерістер енгізілді. Салық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 4,5-тармақшаларына сәйкес салық төлеуші салықты төлеу кезінде жеңілдікке құқылы бір немесе бірнеше тұлғалар санатына жататынына қарамастан, мына тұлғалар салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша  салық төлеушілер болып табылмайды:

– Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

  • меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;

Көрсетілген тұлғалар, Салық кодексінің 365-бабының 7-тармағына сәйкес салық кезеңі ішінде меншік құқығында бірнеше автокөлік құралдары болған жағдайда, осы ережелер есептелген салық сомасы ең көп автокөлік құралдарының біріне қатысты қолданылады.

          Бұл ретте, Салық кодексінің 365-бабының 5-тармағына сәйкес, 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден иелері салық төлеуден босатылмайды.

Салық кодексінің 369-бабының 3-1-тармағына сәйкес жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

Сондай-ақ, Салық кодексінің 369-бабының 3-тармағына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгізілуге тиіс.