Жарияланған күні: 28.04.2015 15:49
Өзгертілген күні: 28.04.2015 16:31

 

Облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері

 

    Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті көлік құралдарына салынатын салық бойынша өсімпұлдарды негізсіз есептеуге қатысты салық төлеушілерден келіп түскен арыздарға байланысты, келесіні хабарлайды

    Салық кодексінің 369 – бабына сәйкес салықты төлеу салық салу объектiсiнiң тiркелген орны бойынша жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының «Жол жүрiсi туралы» Заңының                         1 – бабына 30 – тармақшаның сәйкес көлік құралын мемлекеттік тіркеу – құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексергеннен, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлерін салыстырып тексергеннен кейін көлік құралын тіркеу туралы куәлікті бере отырып (бұдан әрі – КТКҚ) және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін бере отырып уәкілетті орган жүзеге асыратын, көлік құралының жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру рәсімі.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 851 қаулысымен бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу Қағидасының (бұдан әрі - Көлік құралын мемлекеттік тіркеу Қағидасы)              5 – тармағына сәйкес көлік құралдары жеке тұлғалардың атына олардың тұратын жері немесе уақытша тіркелген жері бойынша уақытша тұру мерзіміне тiркеледi.

    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 16 – бабы  1 – тармағына сәйкес азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi және заңды мекенжайы деп танылады.

    Осы баптың 3 – тармағымен негізі азаматтың жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ мемлекетпен қарым-қатынастарында пайдаланатын заңды мекенжайы болатыны қарастырылған. Азаматтың тіркелген жері оның заңды мекенжайы болып танылады. Азаматтарды тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы                        № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту Қағидалардың 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Тұрғылықты жерiн тiркеу Ережесі), ішкі көшіп-қонушының тұрғылықты жерiн тiркеу олардың белгiленген тәртiппен тұрғын үйдi жеке меншiкке сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның iшiнде жалға алу мен жалға алу шарты бойынша да алғанын куәландыратын, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретiн құжаттардың негiзiнде, сондай-ақ тұрғын үйдiң меншiк иесiнiң (жалға берушінің) жазбаша келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

      Ішкі көшіп-қонушыларды тiркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, бау-бақша серiктестiктерi мен кооперативтерiнiң саяжай құрылыстарында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерiнде, интернат-үйлерiнде, пансионаттарда, қарттар үйлерiнде, қызметтік ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.

    Сонымен қатар, Тұрғылықты жерiн тiркеу Ережесінің 5-тармағымен негізі тұрғылықты жерi бойынша тiркеуге: 

1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында мемлекет ішінде қоныс аударушы, сондай-ақ шет елдерден тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары;

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;

3) шетелдiктер және босқын мәртебесiн алған азаматтығы жоқ адамдар жататыны қарастырылған.

 Көлік құралын мемлекеттік тіркеу Қағидасының 17-тармағына сәйкес, қөлік құралдарын тіркеу үшін қөлік иесілер сонымен қоса мекен жайы анықтаманы береді.

 Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының «Пошта туралы» Заңының 1-бабы 33) – тармақшасына сәйкес пошта индексi - пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберудi жылдамдату мақсатында пошта операторларының өндiрiстiк объектiлерiне берiлетiн, оларды әкiмшілік-аумақтық сәйкестендiруге және жүйелендіруге мүмкiндiк беретiн, мекенжайдың шартты цифрлық белгiлемесі. Бұл ретте,  осы  баптың 39)-тармақшасымен пошталық қызмет - пошта операторлары ұсынатын, пошта байланысының көрсетілетін қызметтері қарастырылған.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысымен бекітілген Пошта жөнелтілімдеріне мекенжайды безендіру Тәртібінің 20-тармағы 2) – тармақшасына сәйкес мекенжайды жазу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы;

2) көшенің, ықшам ауданның аты, үй нөмірі, пәтер нөмірі;

3) елді мекеннің атауы (қала, кент, ауыл және село);

4) ауданның атауы;

5) облыстың атауы;

6) елдің атауы (халықаралық жөнелтімдер үшін);

7) почта индексі.

 

Осылайша әкімшілік – аймақтық идентификациялау үшін пошталық индекс пайдаланылады, ал мекенжай реквизиттерінде қаланың ауданын көрсету бойынша талап жоқ.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, қала ауданының әкімшілік – аймақтық шекарасы өзгерген кезде тұратын жерді өзгерту бойынша міндет, тиісінше көлік құралының тіркеу орны жоқ болғандықтан, жеке тұлғалармен көлік құралына салынатын салық, шекара өзгертілгеннен кейін жеке тұлғаның КҚТК көрсетілген мекенжайы жататын қала ауданының мемлекеттік кірістер органының кодына төлеу жүзеге асырылады. Бұл ретте көрсетілген көше мен үйге бағдар ұстау қажет.

 Сонымен бірге, егер қала ауданының әкімшілік - аймақтық шекарасының өзгеруі салдарынан  қала ауданының атауы бөлігінде КҚТК тиісті өзгерістер енгізілмесе, КҚТК көрсетілген қала ауаданының мемлекеттік кірістер органының кодына салықты төлеу салық заңнамасын бұзу болып табылмайды. 

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, аталған хатты тиісті қызметкерлер мен салық төлеушілердің назарына жеткізуді тапсырамыз, оның ішінде ақпараттарды өңдеу мен қабылдау бойынша орталықтардағы  ақпараттық стендтер, сонымен қатар аймақтық мемлекеттік кірістер органдарының web-сайттарында орналастыру арқылы.  

 

 

          Қазақстан Республикасы

         Қаржы министрлігінің

         Мемлекеттік кірістер комитеті

         Әдістеме департаментінің директоры                                  Т.Ботақанова