Жарияланған күні: 24.05.2017 15:43
Өзгертілген күні: 24.05.2017 15:44

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою

Дүниежүзілік Банктің «DoingBusiness» рейтингісінде Қазақстанның ұстанымын жақсарту мақсатында 2017 жылғы 27 ақпандағы №49-VI  «Қазақстан Республикасының» кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық банк заңнамасы және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту туралы мәселеге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы  Қазақстан Республикасының Заңы бойынша  2017 жылдың 1 мамырынан бастап тіркеу есебіне қою жеңілдетіледі. 2017 жылдың 1 мамыр күнінен бастап салық төлеушілер ҚҚС төлеуші ретінде тіркелуге мынадай тәсілдермен құқылы:

1) ҚҚС бойынша «салық төлеуші кабинеті» арқылы тіркелу туралы өтінішін беру;

2) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде «электрондық үкімет» порталында  «ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу» белгісімен өтініш беру;

3) Қызмет көрсету орталықтары арқылы келу тәртібібімен ҚҚС салық төлеуші ретінде өтініш беру.

Салық төлеушінің ҚҚС бойынша тіркеу туралы электрондық түрдегі өтініштерін өңдеу мынадай мүмкіндіктер әкелді, яғни:

- мемлекеттік қызмет көрсету 5 жұмыс күнінен 1 күнге дейін қысқарды;

- салықтық өтінішпен бір мезгілде ұсынылатын тиісті құжаттарды растайтын тізбесі алынып тасталды (асып кеткендігін,орналасқан жерін растайтын  құжаттар).

Оған қоса,ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу туралы салық өтініші берілген күн тіркеу есебіне қою күні болып танылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы