Жарияланған күні: 27.10.2017 10:22
Өзгертілген күні: 27.10.2017 10:26

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қабылдайтын зияткерлік меншік объектілеріне құқық қорғау шараларын сақтау мақсатында, «Apple, Inc» компаниясының өкілінің ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасы  көрсетілген IPhone 8, IPhone 8S и IPhone X компанияларының тауарлары (бұдан әрі – жаңа өнімдер) ресми хабарландыру күнінен кейін сатудың бірінші кезеңі ішінде ресми сатылатын елдер тізіміне енгізілмегенін хабарлаймыз.

Жазылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасында жаңа өнімдерді әкелу, сату және басқа тарату бойынша барлық әрекеттер «Apple, Inc» компаниясының зияткерлік меншік құқықтарын бұзу деп саналады.

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 53-тарауымен зияткерлік меншік объектілеріне құқық қорғау шаралары және тәртіптері, зияткерлік меншік объектілерінен тұратын тауарларды шығаруды тоқтату шарттары, сондай-ақ мүліктік залалға жауапкершілік анықталғанын назарға саламыз.