Жарияланған күні: 02.08.2019 16:42
Өзгертілген күні: 02.08.2019 16:44

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылғы 16 шілдеден бастап қазақстан-өзбек шекарасындағы «Б. Қонысбаев» өткізу пунктінде (39855510) қайта құрудың басталғанын хабарлайды. Қайта құру өткізу пункті арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді ішінара шектейді.

Осыған байланысты, топтасуды болдырмау мақсатында, тасымалдаушыларға қазақстан-өзбек шекарасы арқылы өткізудің балама бағыттарын таңдауға кеңес береміз.