Жарияланған күні: 20.12.2017 12:36
Өзгертілген күні: 20.12.2017 14:35

Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде тыйым салуларды және шектеулерді сақтау мемлекетіміздің ұлттық мүдделерін, халық өмірінің қауапсіздігін және денсаулығын сақтау үшін үлкен маңызы бар.
Еуроазиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын тыйым салулар мен шектеулерге тарифтік емес шаралары, техникалық реттеу шаралары, экспорттық бақылау шаралары және әскери маңыздағы өнімге қатысты шаралар, сондай-ақ санитарлық, ветеринарлық-санитарлық, карантиндік және фито-санитарлық шаралар, радиациялық талаптар жатады.
Кедендік бақылау бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы әр түрлі тауарлардың заңсыз өткізілуін алдын алуға бағытталған.
Кеден органдары қызметкерлерінің лицензияланатын тауарларды бақылау тәртібі «Лицензияланатын тауарларды ЕАЭО шеңберінде КО кедендік аумағына әкелуді және осы аумақтан шығаруды кеден органдарының бірыңғай бақылау тәртібі туралы ережесі туралы» Кеден одағы комиссиясының 22.06.2011 жылғы № 687 шешімімен белгіленген.
Аталмыш тәртіп лицензияның иесіне кеден органдарында лицензияны бақылауға қою үшін қажетті құжаттардың ұсынылуын регламенттейді.
Бұл үшін мыналарды ұсыну қажет:
Өтініш;
Аталмыш Ереженің 1-қосымшасына лицензияның артында басылған лицензияның кошірмесі.
Аталмыш Ереженің 1-қосымшасына сәйкес RTF нысанында электрондық түрде мәліметтер.
Лицензияны бақылауға алу өтінішті тіркеу күнінен үш жұмыс күннен асырылмайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Құрметті СЭҚ қатысушылары, Қостанай облысы бойынша МКД лицензияны бақылауға алу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, Шешіммен белгіленген тәртіпті сақтауыңызды сұраймыз.