Жарияланған күні: 20.10.2016 19:07
Өзгертілген күні: 20.10.2016 19:08

Мемлекеттік кіріс органдарында облыстық балалар үйінің тәрбиеленіушілерімен кездесу

  

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңындағы және Қазақстан Республикасының салық және кеден органдарының құрылуының   25-жылдығына  Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында 2016 жылдың 19 қазанында облыстық балалар үйінің тәрбиеленіушілерімен кездесу өткізілді.

Жас жеткіншектерге мемлкеттік қызметке деген потриоттық және адамгершілік сезімді дарыту мақсатында балалар үйінің тәрбиеленіушілерімен мемлекеттік кірістер органының құрылу тарихына экскурс жүргізілді. Күнделікті қарапайым емес, бірақ құрметті және мемлекет пен қоғам ұшін өте маңызды салық органдарының жұмыстарын баяндады.

Сонымен бірге, балалар мемлекеттік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің жұмыс орынымен, салық есебін жіберуге арналған «Салық төлеушілер терминалы» кабинетімен, электронды кезекті басқару жүйесімен танысты және мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы туралы бинекөру ролигі көрсетілді.

Кездесудің соңында балаларға сыйлықтар табыс етілді және фототүсірім ұйымдастырылды.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы

Қостанай облысы бойынша МКД