Жарияланған күні: 13.11.2015 09:24
Өзгертілген күні: 13.11.2015 09:27

Мүлікті жария ету

 

Қостанай облысты бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес қазіргі таңда 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасатын мүлікті заңдастыру бойынша бір жолғы акция өткізіліп жатқанын хабарлайды. 

Мүлікті жария етуге ұсыну үшін (ақшадан басқа) құжаттарды беру мерзімі 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

 

Мүлікті жария етуге келесі мүлік жатады:

·     ақша;

·     құнды қағаздар;

·     заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

·     тиісті емес тұлға рәсімделген құрлыстар (ғимараттар);

·     құрлыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тисілі жер участкісінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған құрлыстар (ғимараттар);

·     Қазақстан Республика аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік.

Азаматтарға және мемлекетке қарсы жасалған қылмыс нәтижесінде алынған мүлікті жария етуге жатпайды.

 

Мүлікті жария ету тәртібі

 

Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, мемлекеттік кіріс органына жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:

1)    екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi;

2)    өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

3)    Заңда көзделген жағдайларда өзге де құжаттарды тапсыруы арқылы өткiзіледi.
 

Көрсетілген құжаттар:

1)            Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына;

2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – мұндай мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға өтініш тапсырылатын жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады.

 

Ақша мынадай шарттардың жиынтығы сақталған кезде жария етуге жатады:

1) ұлттық және (немесе) шетел валютасында жария етілетін ақша жария ету мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінде, Ұлттық пошта операторында ашылған жинақ шотына салынуға (аударылуға) тиіс;

2) егер Заңда 8 баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жария етілетін ақша жария ету мақсатында осындай шотқа ақшаны салған (аударған) күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс ай жинақ шотында жатуға тиіс болатын.

Ақша жинақ шотына салынған (аударылған) күнінен бастап жария етілді деп есептеледі. Жинақ шотына жария етілетін ақша салынған (аударылған) кезде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкі, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісіне осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салынған (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді.

Осы Заңға сәйкес жария етілген ақша сомасы жария ету субъектісінің табысы ретінде танылмайды.

 

Бүгінгі таңда жария ету туралы заң шеңберінде біздің облыс бойынша мына жұмыс атқарылды:

Мүлікті жария етуге 1 899 өтініш қабылданды, келіп түскен өтініштер бойынша объектілер көлемі 4426.

Түскен өтініштер бойынша мүліктің жалпы бағасы 3 899187 теңгені құрады.

Мүлік жария ету бойынша өтініштер саны 1 237, жария етілген объектілер саны 2 668.

Жария етілген объектілердің жалпы құны 1 447903 теңге.

Қайтарылған өтініштер саны 526, қайтарылған өтініштер бойынша объектілер саны 1 435.

Қайтарылған өтініштер бойынша мүліктің жалпы құны 2 079255 теңге.

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы