Жарияланған күні: 11.02.2016 17:28
Өзгертілген күні: 11.02.2016 17:40

Мулікті және капиталды жария ету акциясы туралы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан  Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ-на сәйкес, олардың мүліктерін  жария етуге байланысты, 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап  Республика бойынша мүлікті және капиталды жария ету бойынша акция бастау алғаны белгілі.

Мүлікті жария ету бойынша акция Қазақстан Республикасында инвестициялық климатты жақсарту және көлеңкелі экономиканың үлесін азайту, сондай-ақ заңсыз жолмен көлеңкелі айналымға шығарылған мүлікке құқықты мойындау мақсатында жүргізіледі. Осылайша, мемлекет өз мүліктерін тез және жеңіл тәсілмен заңды түрде жария етуді тілеушілерге көмек көрсету үшін бір реттік акцияны өткізуде.

Аталмыш акцияға қатысуға  заңмен белгіленген тәртіппен мүлікті жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан  Республикасында тұруға ықтиярхаты бар оралмандар және тұлғалар құқылы болып табылады.

Акцияны өткізу мерзімі және нені жария етуге болады?

         Акцияның өткізу мерзімі 2014 жылғы 01 қыркүйектен бастап 2016 жылғы 32 желтоқсанға дейін.

Оларға құқықтар ҚР заңнамасына сәйкес ресімделмеген мүлікті жария ету үшін құжаттар тапсыру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады, өзге мүлік бойынша- жария ету мерзімі өткенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей аяқталады.

Жария етуге жататын мүліктердің тізбесі анық түрде заңмен белгіленген. Оларға жатады:

  1. ақша;
  2. бағалы қағаздар;
  3.  заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);

        4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

Акция Қазақстан Республикасының аумағынан тыс  орналасқан мүлікті жария етуге мүмкіндік беретініне назар аударған жөн.

Дегенмен жоғарыда аталған барлық емес мүлік жария етуге жатады. Бұл егер олар құқық, адамның, мемлекеттің еркіндігіне қарсы жасалға әрекет және сыбайлас жемқорлық және қылмыс, жалған ақша, бғалы қағаздар және құжаттарды заңсыз дайындау нәтижесінде алынған мүлік және ақша жатады.

Сонымен қатар, сот тәртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан,
Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлік,      кредиттер ретiнде алынған ақша,     мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік,      құрылысы бюджет қаражаты есебінен аяқталған жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды.

 

 

Мүлікті не үшін жариялайды?

 

Мүмкін, кейбір тұлғаларда «Мүлікті жария ету не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін.

Бұл ретте, мемлекет жауаптылыққа тартылмау және заңнама талаптарын бұзумен алынған кірістерді сақтауға мүмкіндік ұсынады.

Республикада азаматтардың кірістерін жалпы декларациялауды енгізу күтілуде, салық төлеушілер салықтық декларацияларда шынайы мәліметтерді көрсетуі тиіс. Жария етілмеген көлеңкелі капиталдар олардың иеленушілері үшін ірі қиындықтарға – заңсыз жолмен иеленген мүлікті тәркілеуге дейін әкеліп соқтыруы мүмкін. Осыған байланысты, мүлікті заңды экономикалық айналымға құқылы қайтару үшін мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдалану қажет.

Сондай-ақ, Заңға сәйкес, мүлікті жария ету жария ету субъектілерінің құжаттарды жергілікті атқарушы органдар немесе мемлекеттік кірістер органдарына комиссияға тапсыруы арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты, барлық қажетті құжаттарды жинап, арыз немесе арнайы декларацияны ұсыну қажет, оларды қарау бойынша шешім шығарылады, яғни мүлікті жария ету рәсімі жеңілдетілген.

 

 

Мүлікті жария ету үшін қайда жүгіну қажет?

 

      Әкімдік жанындағы комиссияларда ҚР аумағында орналасқан, оған құқық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш беріледі.

ҚР аумағында орналасқан басқа мүлікке қатысты (құқық жария ету субъектісіне немесе басқа тұлғаға ресімделген жылжымалы, сондай-ақ жылжымайтын мүлік), мүлікті жария ету мемлекеттік кірістер органдарына мүлікті жария етуге алымды төлеместен декларация ұсыну арқылы жүргізіледі.

ҚР шекарасынан тыс орналасқан мүлік бойынша, жария ету жария етілетін мүліктің құнынан 10% көлемде алым төлеу арқылы мемлекеттік кірістер органдарына декларация ұсыну арқылы жүргізіледі.

Ақша қаражатын жария ету тәртібі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария ету арқылы 3 кезеңді көздейді:

        а) оларды сақтау бойынша кепілдіксіз, алымды төлеместен, шектеусіз өз қарауы бойынша ақшаны банк шоттарына аудару;

         б) 10% көлемінде алымды төлеу арқылы екінші деңгейлі банктердің шотына  аудармастан;

       в) «Астана» халықаралық қаржы орталығына алымды төлеместен жария етілген ақшаны инвестициялау мүмкіндігі.

Заңмен ұсынылатын кепілдіктер

Жария ету субъектілерін мемлекеттік органдар тарапынан заңға қайшы әрекеттерден қорғау мақсатында, мүлікті жария етуді жүргізу үрдісінде мемлекеттік органдар алған салық төлеушілер туралы мәлімет және ақпаратты ұсынуға тиым салу туралы нормалар заңнамамен көзделген, және  жария етілген мүлікті тәркілеуге тиым салу туралы нормалар қолданысқа енгізілген. Сонымен қатар, құқық қорғау, басқа мемлекеттік органдар, банктер және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттерінен қосымша қорғау бөлігінде, қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін қылмыстық заңнама нормалары нақтыланған және қатайтылған, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде жария ету барысында алынған ақпаратты пайдалану мүмкіндігі жойылған.

Осыған байланысты, мүлікті жария ету үрдісінде алынған ақпараттың құпиялығы Қазақстан Республикасының заңымен кепілдендіріледі.

Елбасы айтқандай: «Жария ету – бұл соңғы мүмкіндік, одан кейін ешқандай жеңілдік болмайды. Жария ету жалпы декларациялау алдындағы соңғы акті.»

 

Сұрақ-жауап

 

  1. Жария етілген мүлікті ресімдеумен байланысты шығындарды кім төлейді?

Мұндай шығындарды жария ету субъектілері өз беттерінше төлейді.

  1. Мен жер учаскесін жария ете аламын ба?

Жер учаскесі жария етуге жататын мүліктердің тізіміне енбейді.

  1. Әкімдікте мүлікті жария етуге өтініш қанша күн қаралады?

Комиссия өтініш берген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде  қарайды.

  1. Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан үйді жария ету  үшін қайда жүгінуге болады?

Жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына.

  1. ҚР аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті жария ету кезінде алым төлеу қажет пе?

Жоқ, Алымды төлеу ҚР тыс орналасқан жылжымайтын мүлікті жария ету кезінде өндіріледі.

  1. Қай мерзімнен ақша жария етілген деп саналады?      

Ақша алым төленгені туралы түбіртектің көшірмесі қоса берілген арнайы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы қабылдаған күннен бастап ақша жария етілді деп саналады.

  1. Оған құқық сотта дауланатын мүлік жария етуге жатады ма?

Мұндай мүлік жария етуге жатпайды.