Жарияланған күні: 04.05.2015 10:21
Өзгертілген күні: 04.05.2015 10:27

      Оңайлатылған декларация негізіндегі  арнаулы салық режимі

 

 

        Мынадай шартарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

      Дара кәсіпкерлер үшін:

·         o    Дара кәсіпкерлердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 25 адамнан аспайтын болса;

·         o    Салық кезеңі ішінде шекті табысы ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерінен (29 909 600 теңгеден)аспайтын болса;

·         o    Салық кезеңі жарты жылдық болып табылады.

         Заңды тұлғалар үшін:

·         o    қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 50 адамнан аспайтын болса;

·         o    Салық кезеңі ішінде шекті табысы  ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерінен (59 819 200 теңгеден)аспайтын болса;

·         o    Салық кезеңі жарты жылдық болып табылады.

·          

         Оңайлатылған декларация негізіндегі анрнаулы салық

          режимі бойынша есептеу.

·         o    910.00 үлгідегі салық есептілігінде көрсеткен  табыстан 3% пайыз салық есептелінеді.

·         o    Жеке (корпорациялық) табыс салығы – оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының ½ мөлшерінде, (БСК-101202; 101101).

·         o    Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының  міндетті әлеуметтік  сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есенптелген әлеуметтік аударымдар  сомасын алып тастағаннан кейін оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының ½ бөлігі мөлшерінде төлеуге жатады. (БСК-103101) 

·         o    Міндетті зейнетақы қорына ең төменгі жалақының 10% пайызынан кем емес жарна есептелінеді.

·         o    Әлеуметтік сақтандыру қорына ең төменгі жалақының 5% пайызынан кем емес жарна есептелінеді.

·         o    Жалдамалы жұмысшылар жалақысынан Салық кодексінің 158 бабына сәйкес 10% пайызы жеке табыс салығына есептелінеді.