Жарияланған күні: 28.04.2015 18:11
Өзгертілген күні: 28.04.2015 18:12

POS-терминалдарды қолдану туралы

 

1998 жылдың 29 маусымындағы №237-І «төлемдер мен аударымдар» Заңының 11-бабына сәйкес,  жалпы қолданыстағы телебайланыстық желілер орналаспаған жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасы бойынша жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысатын және жеке кәсіп түрін жүзеге асырушы жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерінің қызметтерін жүзеге асыру барысында төлем карточкалары арқылы төлем қабылдауға арналған жабдықтар (құрылғылар) орнатуға және пайдалануға,  сондай-ақ төлем карточкаларын қабылдауға міндетті.

Сонымен қатар жалпы қолданыстағы телебайланыстық желілер орналаспаған жерлерді қоспағанда, Астана, Алматы, және облыстық маңызы бар қалалардағы Қазақстан Республикасының салықтық  заңнамасы бойынша арнайы салықтық тәртіпті жүзеге асырушы жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар  2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап осындай жабдықтарды (құрылғыларды) орналастыруға және пайдалануға міндетті. Жабдықтарды (құрылғыны) пайдалану, сауда операцияларын жүзеге асыруда, жұмыс істеу барысында, қолма-қол ақша қызметін жүзеге асырмайтын  жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғаларға міндеттелмейді.

Жеке қызмет түрлері бекітілген (жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысатын салық төлеушілерге қатысты) ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 29 қазандағы №1147  Қаулысына сәйкес ҚР аумағындағы жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметтері орналасқан жерлерде төлемдер карточкалары арқылы төлем қабылдауға (РОS-терминал) арналған жабдықтардың (құрылғылардың) орналастырылуын қамтамасыз етуге міндетті.

Мұндай қызмет түрлеріне:

  • көтерме және бөлшек сауда, оның ішінде автокөліктер, мотоциклдер – оларды жөндеу мен техникалық қызмет көрсетулер;
  • қонақ үйлердегі, мейрамханалардағы, басқа да тамақтандыру және сусындар тарату  орындарындағы қызметтер;
  • жол жүру билеттерін сататын, әуе және теміржол көліктерінің  жол жүгі мен ауыр жүктердің түбіртектерін сату қызметтері;
  • тасымалдау айналымындағы жүктерге көрсетілген қызметтерге, жүктерді қаттап жинау және сақтау,  жүк тасымалы және тасымалдау саласына көмек қызметтері;
  • туризм саласындағы және басқа да ұйымдастырушы туристік басқармалардығы қызметтер(турагенттіктер);
  • сақтандыру, денсаулық сақтау, білім саласындағы қызметтер;
  • кинофильмдер тарату, бейне және телевизиялық бағдарламалар, кинофильмдер көрсету саласындағы қызметтер;
  • дискотека, фитнес-спорттық клубтарындағы қызметтер;
  • құмар ойындар мен булау жасауды ұйымдастыру қызметтері;
  • боулинг (кегельбану) және бильярд ойындарына көрсетілетін қызметтер жатады.

Төлем карточкалары арқылы төлем қабылдауға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) орнату және пайдалану, сондай-ақ төлем карточкаларын қабылдау міндеті жеке өндірістегі көтерме және бөлшек сауда барысындағы өзі өндірген ауыл шаруашылық  өнімдерін, аквамәдениет (балық аулау) өнімдерін, тасымалдау арқылы келетін сөрелерінен, көліктік сөрелерінен, шатырларда,  дүңгіршектерде, сауда базарлары аумағындағы контейнерлерде жоғарыда көрсетілген әрекет түрлерімен айналысатын жеке кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға қолданылмайды.

 Сонымен қатар, ӘҚБтК «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 195 бабында ҚР аумағындағы төлем төлеуге арналған төлем карточкаларын   пайдалануға міндетті сауда қызметтерін (орындалған жұмыс, көрсетілетін қызметтерді) жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар карточкалық төлемдерді пайдаланбаған жағдайда әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментімен, салық төлеушілердің сатып алушылармен есеп айырысу кезінде бақылау- касса машиналарын және РОS-терминалдарды пайдалану салық мәдениеттерін түрде жоғарылату  туралы іс-шаралары тұрақты жүзеге асырылуда. 2015жылдың 15 қпанында   Мемлекеттік Кірістер Департаменті басшысының орынбасары Ш.А.Ануарбеков Қостанай қаласындағы ірі сауда үйлерін ( «ЦУМ» сауда үйі, «МАРТ» ОСО), сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру орталықтарына тексеріс жасады. Тексеріп шығу  барысында салық төлеушілерге, сондай-ақ сатып алушыларға жаднамалар таратылып, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген  бақылау-касса машиналарының фискалдық жадына, РОS-терминалдарға  қатысты, жеке кәсіпкерлерді  арнайы салықтық режимді қолдануға тіркеу жасаудың маңыздылығы туралы іс –шара, т.б. ұйымдастырды.

Сонымен қатар, 2015жылдан бастап бақылау-касса машиналары мен РОS-терминалдарды  есепке алып, тақырыптық тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде  заңнамаға сәйкес құқық бұзған 518 дерек анықталды.

Атап айтатын жайт, бұл іс- шаралар өз нәтижесін көрсетуде. Жыл басынан бастап салық төлеушілердің 18%-ы кассалық аппарат пайдаланушы ретінде мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелді.