Жарияланған күні: 04.03.2019 10:41
Өзгертілген күні: 04.03.2019 10:42

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (одан әрі – Салық кодексі) Кодексінің 91 бабына сәйкес, Кодексте белгіленген ұсыну мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салықтық кезең үшін:

корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны;

 егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең үшін ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны;

егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі екі салықтық кезең үшін жеңілдетілген декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны ұсынбаған

-резидент-заңды тұлға,

-Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға,

-сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекет етпейтін заңды тұлға болып танылады.

Кодексте белгіленген ұсыну мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салықтық кезең үшін:

жеке табыс салығы бойынша декларацияны;

егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең үшін ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны;

егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі екі салықтық кезең үшін жеңілдетілген декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны,

соңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін ұсынбаған дара кәсіпкер әрекет етпейтін дара кәсіпкер болып танылады.

Салық органдары салық төлеушілерді әрекет етпейтін деп тану туралы бұйрықты жыл сайын, 30 сәуірден кешіктірмей шығарады, олар туралы мәліметтер осындай бұйрық шығарылған күннен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

Әрекет етпейтін салық төлеуші болып танылған жағдайда:

- корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарды қоспағанда, банк немесе жеке банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар банк шоттарын ашудан бас тартады;

- егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам әрекет етпейтін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға; әрекет етпейтін заңды тұлғаның

 

 

бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған жағдайда, қосылған құн салығы есебінен шығарылады.

         2019 жылдың 27.02. жағдайына сәйкес, Қостанай облысы бойынша әрекет етпейтін салық төлеушілер саны 1 351, соның ішінде 754 заңды тұлға және 597 дара кәсіпкер.

Әрекет етпейтін салық төлеушілер туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің: www.kgd.gov.kz «Электрондық сервистер» бөлімінің «Сенімсіз салық төлеушілерді іздестіру» интернет-ресурсында орналыстырылған.

Әрекет етпейтін салық төлеушілер тізімінен шығу үшін:

-салық төлеуші салықтық есептілікті ұсыну бойынша салықтық міндеттемені орындаған жағдайда;

-салықтық есептілікті Салық кодексте белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін салық төлеушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар қолданылған жағдайда, шығарылады.

         Әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушілер туралы мәліметтер салық органының тиісті бұйрығы қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы