Жарияланған күні: 28.04.2015 18:19
Өзгертілген күні: 28.04.2015 18:20

Резиденттік сертификаттарын қолдануға қатысты алғашында

 

            Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің (бұдан әрі – Ұлыбритания салық қызметі) құзыретті органымен берілген резиденттікті растайтын құжаттарды қолдану бойынша келесіні хабарлайды.

            Резиденттік сертификаттағы салық мерзіміне қатысты. 

            Салық кодексінің 212 бабы 3 тармағына сәйкес резидент емес Салық кодексі 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжатты салық агентіне табыс еткен кезде халықаралық шарт қолданылады.

     Салық кодексі 219 бабының 4 тармағына сәйкес Саылқ кодексі 26 тарауының ережелерін қолдану мақсатында резидент еместің резиденттігін растайтын құжат табыс алушы резидент еместің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді.

Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып танылады.

Егер резиденттікті растайтын құжатта резидент еместің резиденттігі уақытының кезеңі көрсетілмесе, резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің осындай құжат берілген күнтізбелік жыл ішінде резиденті болып танылады.

Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты табыс алушы резидент емес резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырады.

            Қазақстан Республикасы мен Ұлыбританияның құзыретті органдарының арасында жасалған уағдаластыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлыбритания Салық қызметімен берілген резиденттік сертификаттарын тек сондай сертификатта көрсетілген мерзімге ғана қабылдайды.  

            Жоғарыда келтірілгенді ескере отырып, Ұлыбритания салық қызметімен берілген резиденттік сертификаты резиденттікті белгілі бір күнге растаған жағдайларда ондай құжаттың негізінде салық агенті халықаралық шартты календарлық жылдың 1 қаңтарынан бастап сол календарлық жылдың резидент еместің сертификатқа сәйкес резиденттігі расталатын мерзіміне қолдана алады.

            Мәселен, егер резиденттік сертификаты 2013 жылғы 16 желтоқсанда берілген және резиденттікті 2013 жылғы 16 желтоқсанға қарасты растайтын болса, онда мұндай сертификат 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 16 желтоқсанға дейінгі мерзімге қолданылады.

            Серіктестік резиденттік сертификаттарына қатысты. 

            Салық кодексі 212 бабының 1 тармағына сәйкес егер резидент емес халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, мұндай резидент емеске табыс төлеу кезінде немесе резидент еместің есептелген, бірақ төленбеген табысын шегерімге жатқызу кезінде салық агентінің салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.

            Әкімшілендіру барысында Ұлыбритания резиденттік сертификаты заңды тұлға – серіктестіктің емес оның сәйкес Ұлыбритандық серіктес – резиденттерінің резиденттігін растайтын жағдайлар да анықталды. Мұндай жағдайларда ҚР салық органдары аталған сертификаттарды олардың Салық кодексі 212 бабы 1 тармағының талаптарына сәйкес келмеуі салдарынан қабылдамаған.

            Ұлыбритания құзыретті органының ақпараты бойынша, осындай ұйымдық – құқықтық нысандағы тұлғалар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қосқанда) дербес салық төлеушілер болып саналмайды.

            Мұндай резиденттік сертификаттарында Ұлыбритания құзыретті органы сертификатқа олардық тізімін қоса отырып оның жеке серіктестерінің резиденттігін растайды (сертификат үлгісі қосылған).   

            Ұқсас жағдайларда, екі ел құзыретті органдарының уағдаластығы бойынша, резидент емес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолодануда талап етуге құықлы. Бұл ретте халықаралық шарттың ережелері ҚР көздері табыстарына Ұлыбритания резиденттерінің сондай серіктестіктегі қатысу үлесіне сәйкес қолданылады. Осылайша, аталған жағдайларда Ұлыбритания резиденті болып табылмайтын серіктестердің қатысу үлесін анықтап алу қажет.

            Әрбір серіктестің қатысу үлесін анықтау мақсатында салық органдары ондай ақпаратты мекенжайы резиденттік сертификатында көрсетілген серіктестіктің өзінен сұрау салуға құқылы.

            Ұлыбритания резиденттік сертификаттарын апостильдеу тәртібіне қатысты.  

            Ұлыбритания құзыретті органының ақпаратына сәйкес, қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттардың ережелерін қолдану мақсатында Ұлыбританияда резиденттік сертификаттарын апостильдеудің келесі тәртібі қолданылады.

            Ұлыбритания салық қызметінен резиденттік сертификатын алған соң салық төлеуші апостиль қою үшін сертификатты Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің сәйкес бөліміне ұсынады. Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі олардық деректер базасына сәйкес резиденттік сертификатындағы салық органы инспекторының қолын куәландыратын апостильді қояды. Содан соң, апостиль қойылған резиденттік сертификаты сәйкес табысты төлейтін тұлғаға ұсыну үшін салық төлеушіге қайтарылады.