Жарияланған күні: 13.09.2016 12:22
Өзгертілген күні: 13.09.2016 12:24

Салық есептілігі

 

Салық есептілігі – салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.

Салық есептілігі салық декларацияларын, есептеулерін, оларға қосымшаларды қамтиды.

Салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. бастапқы есептілік – салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;
    2) кезекті есептілік - алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін табыс ететін салық есептілігі;

3) қосымша есептілік - бұрын табыс етілген салық есептілігіне және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
4) хабарлама бойынша қосымша есептілік - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

5) тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.

Егер салық төлеуші уәкілетті орган олар үшін салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші салық есептілігін өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша табыс етуге тиіс.

Салық төлеушілер (салық агенттері), салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:

1) өзі келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште табыс етуге құқылы;
         2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткізгіште, тек:

- мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша;

- қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.

 

3) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда табыс етуге құқылы. Электрондық түрде тапсыруға, салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын, сондай-ақ әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.

Салық салу объектілері болмаған кезде, осы Кодекстің 149-бабында, 162-бабының 1-тармағында185270296364, 437-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігі табыс етілмейді.

Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға қолданылады.

Декларацияларға, есеп-қисаптарға қосымшалар оларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде табыс етілмейді.

Барлық тундаған сұрақтар бойынша «Бірыңғай байланыс орталығы» телефоны бойынша – 1414 немесе 8-800-080-7777, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 53-65-80 сенім телефоны бойынша хабарласуға болатынын хабаралайды.