Жарияланған күні: 14.03.2016 10:58
Өзгертілген күні: 14.03.2016 11:58

Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын,сондай-ақ артық төленген соманы қайтару

Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсандағы N 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі)  605-бабы салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе мөлшерін азайту нәтижесінде оның төленген сомасын қайтару салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге салықтық өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - айыппұл сомасын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі.
      Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішке айыппұлдың заңсыз салынғаны салдарынан оның күшін жоюды немесе көлемін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісі немесе салық қызметінің жоғары тұрған органының (лауазымды адамның) шешімі қоса берілуге тиіс.
      Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті салық төлеуші қайтаруға жататын айыппұл сомасы есептеулі тұратын жеке шоты бойынша салық органына ұсынады.
      Осы баптың 1-тармағына сәйкес айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына айыппұл сомасын қайтаруға өтініш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.