Жарияланған күні: 24.10.2016 17:30
Өзгертілген күні: 24.10.2016 17:31

Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға
байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебі

Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды, салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік салығын, көлік құралы салығын, жер салығын, бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді.

Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектiлері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлері бар, салық органында олар жөнінде мәліметтер жоқ жеке тұлғалар салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жерi бойынша не тұрғылықты тұратын жерi бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсыруға құқылы.

Салық салу объектісі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша жеке тұлға салық салу объектiсiнiң орналасқан жері бойынша немесе тұрғылықты жері бойынша он жұмыс күні ішінде салық органына тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсыруға міндетті.

Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, уақытша өтеулі жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объектісі бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мұндай құқықтар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық салу объектісінің және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн салықтық өтiнiштi салық органына өзінің орналасқан жері бойынша не салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша ұсынуға мiндеттi.

         Салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органында тiркеу есебiне қою үшiн салықтық өтiнiштi ұсыну бойынша мiндеттеме осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес заңды тұлғаның шешімі бойынша мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде танылған құрылымдық бөлімшеге де қолданылады. Өтiнiшке осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы заңды тұлға шешімінің көшірмесі қоса беріледі.

Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды осы Кодекстiң 374-бабының 2-тармағына сәйкес жер салығын төлеушi деп таныған жағдайда мұндай төлеушiлер салық органына салық салу объектiсiнiң немесе салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн салықтық өтiнiштi жер учаскесiн іс жүзінде иелену мен пайдалану құқығының туындауы негiзiнде құқық белгiлеу құжаттарының күшiне енген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына өзінің орналасқан жері бойынша не салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуға мiндеттi.
          Салық органы салық төлеушіні салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.