Жарияланған күні: 10.06.2016 12:29
Өзгертілген күні: 10.06.2016 12:31

Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшесін электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою салық төлеушінің өз ерікіне жатады және салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелгеннен кейін жүргізіледі.  

         Салық төлеуші тіркеу есбіне қою үшін орналасқан жері бойынша немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына өз бетімен қағаз жүзінде немесе электронды түрде электронды салық төлеушіні тіркеу есебіне кою арызын тапсырады.

Электронды салық төлеушіні тіркеу есебіне кою арызын тапсыру, салық төлеушінің хабарламаны кепілді түрде жеткізуін қамтамасыз ететін телекоммуникация желісі арқылы электронды құжаттармен алмасуға, оның ішінде салық органдарынан хабарлама, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген басқада құжаттарды алуға келісімін мақұлдайды.

 

Электронды-цифорлық қол таңбаны айырбастау немесе жою:

         Салық төлеуші электронды-цифорлық қол таңбаны жою немесе айырбастау үшін өз еркімен электронды салық төлеушіні тіркеу есебіне кою арызы бойынша электронды-цифорлық қол таңбаны келесі жағдайларды жояды немесе айырбастайды:

  1. электронды-цифорлық қол таңбаны пайдаланудан бас тарту шешімін қабылдағанда;
  2. тіркеу куәлігінің қолдану мерзімі аяқталғанда;
  3. электронды-цифорлық қол таңбаны сақталған электронды ақпаратты тасушы түйінді жабдықты жоғалту;
  4.  электронды ақпаратты тасушы түйінді жабдықтың бұзылуы;

Салық органдарымен келесі жағдайда электронды-цифорлық қол таңбаны жою жүргізіледі:

  1. күшіне енген сот шешімі немесе қаулысы бойынша салық төлеушіні жалған кәсіпкер деп мойындағанда;
  2. күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеушінің мемлекеттік тіркелуін жарамсыз мойындағанда;
  3. салық органының шешімімен салық төлеушіні қосылған құн салығының тіркеуінен шығарғанда.

Электронды-цифорлық қол таңбаны жою салық төлеушіні салық органымен телекоммуникация желісі арқылы электронды құжаттармен алмасу құқығын тоқтатады.