Жарияланған күні: 03.05.2016 10:50
Өзгертілген күні: 03.05.2016 10:53

Салық төлеушінің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру тәртібі

 

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті келесіні мәлімдейді

Салық төлеуші салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салықтық өтініш негізінде:

1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;
2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға;
3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін табыс етуді қайта бастауға құқығы бар.

Салық төлеуші қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда, өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:
      1) алдағы кезеңге арналған салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтінішті;
      2) салық кезеңінің басынан бастап салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігін табыс етеді;
      3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етеді. Егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын болса, осы тармақшада көрсетілген құжат табыс етіледі.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер қызметті тоқтата тұрған жағдайда салық есептілігiн табыс етуді тоқтата тұрудың ұзартылуы ескерiлген мерзімі салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі басталған күннен бастап күнтізбелік отызалты айдан аспауға тиiс. Басқа салық төлеушілер үшін салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ұзартылуы ескерілген мерзімі 5 жыл мерзімнен аспауға тиіс.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерге салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімі салықтық өтініш берілген күні уәкілетті орган әзірлеген нысан бойынша шығарылады. Басқа салық төлеушілер үшін салықтық өтініш берілген күннен үш жұмыс күні ішінде шығарылады

Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім:

1)                салық төлеушіде өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған;

2)                салық төлеуші:

-         жоғарда көрсетілген салық есептілігін;

- қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етпеген;

3) осы Кодекстің 579-бабына сәйкес салық органы салық төлеушіні әрекетсіздеп таныған жағдайларда қабылданады.

Салық органы салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, салық төлеуші осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етеді.

Осы баптың ережелері мына салық төлеушілерге:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге;

2) ойын бизнесі салығын және (немесе) тіркелген салықты төлеушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға;

3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
         Қосымша келесіні мәлімдейміз, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мүлік, көлік құралы, жер салықтары және жер участкелерін пайдаланған үшін төлемақы бойынша салық есептілігін тапсыру тәртібі мен уақыты қолданылмайды.