Жарияланған күні: 28.10.2016 11:59
Өзгертілген күні: 28.10.2016 12:00

Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген

сомаларын есепке жатқызу

Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсандағы N 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі) 599 бабына сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге ұсынған салықтық өтініші.
            Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын, осы баптың 13 – 16-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке алуға жатқызылмайды.
            Есепке жатқызуды жүргізу мерзімі:
      1) есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша – осындай өтініш салық органына ұсынылған күннен бастап;
      2) өтінішсіз – жеке шотта артық төленген сома түзілген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
            Салық органы салық, төлемақы, алым бойынша мерзімі бұзыла отырып, есепке жатқызу жүргізілген, олардың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша есепке жатқызуды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл есепке жатқызуды жүргізу күнін қоса алғанда, есепке жатқызу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
            Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомаларын есепке жатқызу жүргізілген күні есепке жатқызуға салықтық өтініште көрсетілген салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.
            Салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасы салық берешегін өтеу және алдағы төлемдерді төлеу есебіне мынадай тәртіппен:

1)салық төлеушінің өтінішінсіз:
салықтар, төлемақылар, алым бойынша бересіні;
салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша өсімпұлды;
салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлды – өтеу есебіне;

            2) есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша:
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;
егер осы баптың 13 және 15-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша алдағы төлемдерді – төлеу есебіне міндетті түрде есепке жатқызылады.
       Өсімпұлдардың бюджетке артық төленген сомасы мынадай тәртіппен:

1)салық төлеушінің өтінішінсіз:
 салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша бересіні;
 салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;
            2)есепке жатқызуға салықтық өтініші бойынша:
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;