Жарияланған күні: 12.11.2015 17:08
Өзгертілген күні: 12.11.2015 17:09

Шағын бизнес субьектілері үшін арнайы салық тәртібін қолданатын жеке тұлғалармен,

сонымен қатар жеке кәсіпкермен мүлікті жүзеге асыру кезінде құнның өсімінен кіріс

 

Шағын бизнес субьектілері үшін арнайы салық тәртібін қолданатын жеке тұлғалармен, сонымен қатар жеке кәсіпкермен мүлікті жүзеге асыру кезінде құнның өсімінен кіріс Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан келесі мүліктерді жүзеге асыру кезінде туындайды: пәтер-үй, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке көмекші шаруашылық объектілері, жер телімдері және (немесе) жер үлестері; инвестициялық алтын; басқа да жылжымайтын мүлік, меншік құқығының мерзімінен бір жылдан кем меншік құқығында тұрған мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық тасымал құралдары және тіркемелері, құнда қағаздар. Мүлікті жүзеге асыру кезінде құнның өсуінен кіріс мүлікті жүзеге асыру бағасы мен оны иелену бағасы арасындағы пайдалы айырма болып табылады. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібін қолданатын жеке тұлғамен, сонымен қатар жеке кәсіпкермен жүзеге асыру жағдайында құнның өсімінен кіріс ақысыз алынған мүлік түрінде кіріс ерте анықталған бойынша немесе ақысыз алынған мүлік түріндегі салық салу объектілеріне ерте қосылған мүлік бойынша кіріске ерте қосылған ақысыз алынған мүліктің құны мен мүлікті жүзеге асыру бағасы арасындағы жағымды айырма болып табылады.    

Назар аударамыз, сатып алу құны жоқ мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде жіберу немесе жүзеге асыру кезінде құнның өсімінен кірісті анықтау үшін нарықтық құнды қолдану мүмкін, яғни баға туралы есепте анықталған құн, егер белгілі мүлік мұраға алу немесе қайырымдылық көмек түрінде ғана алынған болса. Осыған орай  мұндай нарықтық құн салық төлеушімен салық кезеңіне жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей анықталуы тиіс. 2015 жылы жоғарыда көрсетілген мүлікті жүзеге асыру кезінде нарықтық құн бағалық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы келісім бойынша өткізілген баға туралы есепте 2016 жылдың 31.03. дейін анықталуы мүмкін.    Нарықтық құнның болмауы кезінде құнның өсімінен кірісті анықтау мақсатында жер қатынастары бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен анықталған кадастрлік құны жәнеіске асырылған мүлікке меншік құқығы туындаған, 1 қаңтарға, жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы саласында уәкілетті мемлекеттік органмен мүлікке салықты есептеу үшін бағалық құн саналады.  

Жеке табыс салығы бойынша декларация салық органына есепті салық кезеңінен келесі  жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей орналасқан жері бойынша (тұрғылықты) ұсынылады.     

Салықтық жылдың қорытындысы бойынша салық төлемі салық төлеушімен дербес орналасқан жері (тұрғылықты) бойынша ЖТС жөнінде декларацияны тапсыру үшін мерзімнен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады. 

Патент немесе оңайлатылған декларция негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібін қолданатын жеке кәсіпкерлер Салық Кодексінің 61 тарауына сәйкес, арнайы салық тәртібінде көрсетілгендер шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығының төлемін жүргізеді.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 272,275 б. сәйкес, салық төлеушімен салық органына салық есептілігін мерзімінде ұсынбау және салық салу объектілерін жасыру әкімшілік жауапкершілік туралы сұрақ қарастырылатын болады.  

 

Қостанай районы бойынша МКБ