Жарияланған күні: 24.10.2017 10:20
Өзгертілген күні: 24.10.2017 10:22

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы.

 

Қазақстандағы жемқорлық және экономикалық құқық бұзушылықтармен күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары ретінде анықталған. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құрылысын тежейді, инвестицияларды тарту және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсерін тигізеді, елдің болашағына қауіп төндіреді.

Экономика саласындағы құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлықтың мемлекетке тигізіп отырған залалы ондаған миллиард теңгеге бағаланады. Көлеңкелі экономиканың ең қауіпті бөлігі - бұл заңсыз сектор болып табылады, өйткені  өз кезегінде, олардың сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін, қоғам мен экономикаға әсері заңды сала мен құрылым арқылы жүргізіледі.

ЖЕМҚОРЛЫҚ деген сөз параға сатып алу деп түсініледі- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының субъектілері ретінде, бір жағынан, лауазымды тұлғалар, екінші жағынан - заңды және заңсыз жеке сектордың өкілдері танылады. Сыбайлас жемқорлықтың объектісі іс жүзінде барлық белгіленген және заңмен қорғалатын мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық қарым-қатынастар болуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық жұмыс істеу деңгейлері бойынша жоғарғы, төменгі және тік жіктелген болуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықтың бұл түрлері біртұтас жүйе құра отырып, бір-бірімен тығыз байланысты.

Бірінші кезектегі экономикалық қылмысты жою бойынша міндет ретінде мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын әзірлеу болып табылады (кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде жеке компаниялар және фирмалармен қандай да бір мәміле жасауға немесе олардың қызметіне қатысуға тыйым салу). Сыбайлас жемқорлық кейде қандай да бір нақты сала шаруашылығында, өнеркәсіпте мемлекеттік қызметшілерімен монополияны анықтауға ұмтылады.

Қазақстан Республикасының Басшысы Н.А. Назарбаев  «Казақстан-2050» халыққа жолдауында жемқорлыққа қарсы мемлекет және қоғам бір күш болып күресуі тиіс екенін атап өткен. Мақсатымыз - жемқорлықты құбылыс ретінде жою болып табылады.

«Қостанай-КРО» к/б