Жарияланған күні: 26.10.2015 17:59
Өзгертілген күні: 26.10.2015 18:33

Уақытында орындалмаған салық міндеттемелері мен мәжбүрлеп төлету шараларының орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

 

Мемлекеттік кірістер органдары салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындамаған тұлғаларға салық төлеушінің салықтық берешегін мәжбүрлеп төлету іс-шаралары мен уақытында орындалмаған салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады. Мәжбүрлеп төлету іс-шарасын қолдануға дейін салық төлеушіге салық берешегін өтеу туралы хабарлама жолданады.

Белгіленген мерзімде орындалмаған салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемелерін орындау келесі тәсілдермен қамтамасыз етіледі:

1) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленбеген сомасына өсімпұл есептеумен;

2) салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатумен;

3) салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтатумен;

4) салық төлеушінің мүлігін иелік етуде шектеумен.

Салық берешегін өтемеген жағдайда мәжбүрлеп төлету іс-шаралары және уақытында орындалмаған салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері қаржылық жылға тиісті 1 қаңтарға әрекет ететін және республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген, айлық есептік көрсеткіштің 6-есесінен кем мөлшерінде салық берешегін қамтитын салық төлеушілердің қатынасында қолданылмайды.   

Өсімпұл сомасы мәжбүрлеп төлету іс-шаралары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы салық заңнамасын бұзғанына жауапкершіліктің басқа да шаралары және уақытында орындалмаған салық міндеттемелерін орындаудың басқа тәсілдерін қолданудан тәуелсіз төленеді және есептеледі.

Салық төлеушінің кассасы және банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату хабарламаны табыстау күнінен бастап он жұмыс күні мерзімінің өтуі бойынша – салық берешегін өтемеген кезінде жүргізіледі.

Мемлекеттік кірістер органдарымен салық берпешегін өтеу туралы хабарламаны алу күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда салық төлеуші мүлікпен иелік етуде шектеу жүргізіледі.

Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны табыстағаннан кейін жиырма жұмыс күні мерзімінің өтуі бойынша борышкердің банктік шотына инкассалық өкімдер шығарылады.

            Салық қызметі органдарының және олардың лауазымдық тұлғалары заңдық талаптарды орындамаған жағдайда борышкерлерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес әкімшілік жазаға тартқызу шаралары қолданылатын болады. 

ҚР ӘҚБКо 288 бабына сәйкес салық қызметі органдары және олардың лауазымдық тұлғаларының заңдық талаптарды орындамауына нақты баптың бірінші бөлімінде қарастырылған әрекет (әрекетсіз), жеке тұлғаларға 8 АЕК (8*1982 АЕК) - 15 856 теңге көлемінде айыппұл, әкімшілік жазаға тартқызудан кейін жыл ішінде қайталанғанға 15 АЕК (15*1982 АЕК) – 29 730 теңге көлемінде айыппұл тағылады.     

 

 

Қарыздармен жұмыс жасау Басқармасы

Қостанай облысы бойынша МКД