Жарияланған күні: 25.11.2016 18:25
Өзгертілген күні: 25.11.2016 18:27

Салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару

 

Салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:

  1. қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін осы Кодексте оны ұсынудың белгіленген мерзімнен алты ай өткен соң ұсынбаған;

  2. жазбаша түсіндірме ұсыну үшін осы Кодекстің 558-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне салық төлеушіде ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, мұндай салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған;

  3. салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;

  4. соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде қосылған құн салығын төлеушi жалған кәсіпорын деп танылған;

  5. соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз деп танылған;

  6. қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияда үздіксіз жалғасатын келесі екі салық кезеңі ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу және сатып алу жөніндегі айналымдар туралы мәліметтерді көрсетпеген;

  7. осы Кодекстің 568-бабының 1-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою жүргізілген күнтізбелік жылда қосылған құн салығы бойынша осындай тіркеу есебіне тұрған тұлғада айналым мөлшерінің осы Кодекстің 568-бабының 5-тармағында белгіленген ең төмен айналымнан асып кетуі болмаған;

  8. егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушы)немеседаракәсіпкер:

- әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;

- егер қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) кезден бастап алты ай өткен жағдайда, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған);

- 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-1216217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбағансотталғандығыбаржекетұлға;

  • 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216238240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

  • іздеу салынған жекет ұлға;

  • болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасы аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі аяқталған шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам болып табылған жағдайларда салық төлеушіні хабардар етпестен жүргізіледі.

Қосылған құн салығы төлеушісін салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырлады.