Жарияланған күні: 28.04.2016 15:07
Өзгертілген күні: 28.04.2016 15:07

Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша ақпарат.

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2008 жылғы 10 желтоқсандағы  № 99-IV «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес меншік құқығында көлік құралдары бар жеке тұлғалар, тіркемесін қоспағанда, мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) Қазақстан Республикасында тіркеуде тұрған, әр көлік құралдары бойынша салық мөлшерлемесінен, салық салу объектілерінен шыға, өздігінше салық кезеңіне көлік құралдары салығының сомасын есептейтінін ескертеді.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар үшін бюджетке төленетін салық төлемінің мерзімі салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірмей төленетін мерзім болып табылады. Көлік құралдарына қатысты жол қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тіркеу әрекеттерін жүзеге асыру жағдайында нақты кезеңге төлеуге жататын салық сомасы, меншік құқығын тапсыратын тұлғамен мұндай объектіні иелену белгіленген әрекеттерді аяқтауға дейін бюджетке төленуі тиіс.   

2016 жылдың 1 қаңтарынан жеке тұлғалардың салықтар төлемі тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

Салық берешегі бар сома туралы хабарлама бойынша уақытылы төлемді жүргізу қажет, келіспеген жағдайда – салыстыру жүргізу қажет. Облыстың аудандары мен қалалары бойынша мемлекеттік кірістер органдарының байланыс телефон нөмірлері туралы ақпарат Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Web-сайтында орналастырылған.