Жарияланған күні: 22.07.2019 11:28
Өзгертілген күні: 22.07.2019 17:34

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті келесілерді хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі № 262-VІ  Заңына сәйкес (одан әрі – Заң) жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жүргізу қарастырылған.

Заңның 57-3 бабына сәйкес, егер салықтөлеуші жеке тұлға 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін қалыптасқан 2018 жылға арналған жер және мүлік салығынан басқа берешегін өтесе, ол салықтық берешек болып танылмайды, бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті органмен бекітілген тәртіпте салық төлеушінің жеке шотында 2019 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан өсімпұл оны төлеу күніне дейін есептен жойылуға жатады. Осы арада өсімпұл тек берешегі төленген салық түрі мен өзге де бюджет төлеміне жойылады.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеуде тұрған және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларға, таралмайды, тек аталған тұлғалардың салықтық міндеттемесі кәсіпкерлік қызметке жатпаған кезде жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат немесе білікті медиаторлардан басқа. 

Жеке шотта он бес жылдан артық жатқан 2019 жылдың 1 қаңтары жағдайына қалыптасқан, сондай-ақ уәкілетті органмен бекітілген тәртіпте жойылуға жататын берешек соммасы, сондай-ақ осы қарызға есептелген өсімпұл оны төлегенге дейін  салықтық қарыз болып танылмайды және бюджетке енгізілмейді.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеуде тұрмаған және жеке тәжірибемен айналыспайтын, салықтық міндеттемесі бар кәсіпкерлік қызметке жатпайтын жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат немесе білікті медиаторлар қатарын жатпайтын салықтөлеуші жеке тұлғаларға таралады. 

Осыған байланысты берешегі бар барлық азаматтарды есептелген өсімпұл соммасын жою іс-шарасының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамыз.

 

Өндірістік емес төлемдер басқармасы

 

Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық бойынша сұрақтарға жауаптар

 

1. Жеке тұлға өсімпұл сомасын есептен шығару Ережелері қандай құжатпен регламенттелген?

Жеке тұлға өсімпұл сомасын есептен шығару Ережесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 7 шілдеғы №1773 бұйрығы.

 

2. Жеке тұлға қандай берешек сомасын есептен шығаруға жатады?

2019 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомалары, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қантарға дейінгі салық кезеніне салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына төлем күніне дейін, есептелген өсімпұл сомалары.

 

3. Қандай жағдайда өсімпұл есептен шығарылуы мүмкін?

Осы тармақшада көзделген өсімпұлды есептен шығару 2018 жылғы мүлік салығын және жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, 2019 жылғы 1 қантарға дейін салық кезендері үшін салықтық міндеттемелер бойынша қалыптасқан бересінің толық сомасына жүргізіледі. Бұл ретте, бюджетке төленген бересі салық және басқа да міндетті төлемдер түріне сәйкес өсімпұл есептен шығарылады.

Осы тармақшының бірінші бөлігінің ережелері салық төлеушілерге - жеке тұлғаларға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жеке нотариустар, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиаторлар қызметін жүзеге асырумен байланысты емес, салықтық міндеттемелері бойынша жеке практикамен айналысатын тұлғаға, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаларға;

 

4. Жеке тұлға үшін бір жылдан астам есептелген бересі сомасы есептен шығаруға жатады ма?

2019 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша он бес жылдам астам дербес шотта есептелінген бересінің сомаларына, сондай-ақ оны есептен шығару күніне дейінгі, көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларына қолданылады.

Осы тармақшының бірінші бөлігінің ережелері салық төлеушілерге - жеке тұлғаларға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жеке нотариустар, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиаторлар қызметін жүзеге асырумен байланысты, салықтық міндеттемелері бойынша жеке практикамен айналысатын тұлғаға, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаларға қолданылады.

 

5. Өсімпұлды есептен шығарудың тәртібі қандай?

Осы Қағиданың көзделінген шарттарға сәйкес салық төлеушілерді іріктеу үшін жеке шоттарды түгендеу мақсатында, осы Қағида күшіне енген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салық төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу орны бойынша мемлекеттік кірістер органы, жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығын жүргізу бойынша Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

Комиссия құрамына:

1) заң қызметі;

2) салық төлеушілерді есепке алуды және дербес шоттарды жүргізуге жауапты;

3) салық төлеушілерді тіркеу үшін жауапты;

4) жергілікті салықты әкімшілендіру және өндірістік емес төлемдерді әкімшіліктендіруге жауапты;

5) берешектермен жұмыс үшін  жауапты лауазымды тұлғалар кіреді.

Комиссияны мемлкеттік кірістер органының басшысы немесе басшының орынбасары болып табылатын төраға басқарады.

 

6. Түгендеу қандай мерзімде жүргізілуі тиіс? 

Түгендеу жұмыстары 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

 

7. Комиссия қандай мерзімде шешім шығарады?  

Осындай салық төлеушілерді анықтаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бересі сомасын төлеуге жататын жағдайда, өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім шығарады (бұдан әрі – Шешім).