Жарияланған күні: 07.10.2016 13:00
Өзгертілген күні: 07.10.2016 13:02

Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық

төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою және шығару

 

Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға қызметтiң мынадай түрлерін:

1) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіруді;

2) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;

3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмін өндiруді;

4) алкоголь өнiмiн көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;

5) темекi өнiмдерiн өндiрудi және (немесе) көтерме сатуды;

6) ойын бизнесiн;

7) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді;

8) Салық кодексінің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.

Лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою тиісті лицензиясы болған жағдайда лицензиясының қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі.

Салық органы:

1) салықтық өтініш берілген күннен бастап;

2) лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

Салық төлеушіде қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болған кезде тіркеу есебіне алу әрбір салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект бойынша бөлек жүргізіледі.

Салық төлеушi тiркеу деректерінде көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жері бойынша салық органына салықтық өтiнiшті беруге мiндеттi.

Салық органы салық төлеушіні салықтық өтініштің негізінде, лицензиялауға жатпайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен мынадай:

1)қызмет түрлерiн жүзеге асыру тоқтатылған;

2) тіркеу деректерінде көрсетілген барлық салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есептен шығарған жағдайлардашығаруғатиіс.

Салық органының шешімі негізінде жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығаруды мынадай жағдайларда:

1) қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің жалға алу шартының және (немесе) мұнай өнімдерін өндірушімен жасалған мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу шартының қолданысы тоқтатылған;

2) қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;

3) қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодексте акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп айырысуды табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін үш айлық кезең ішінде оларды табыс етпеген жағдайларда жүргізіледі.

Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер тiркелген жердегі салық органы жоғарда көрсетілген тармақшадағы жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.