Жарияланған күні: 20.11.2015 18:02
Өзгертілген күні: 20.11.2015 18:02

«Жетіқара» кеден бекетінде бидай компанияларының өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

2015 жылғы 16 қарашада «Жетіқара» кеден бекетінде эскпорттаушы бидай компанияларының өкілдеімен астықты кедергісіз жіберу үшін қолайлы жағдайлар туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Жыл сайын күз-қыс мерзімінде отандық астық компаниялары  әсіресе кеден бекеттерінен алыс орналасқан элеваторлардан бидайды экспортқа уақытылы кедендік ресімдеуді қамтамасыз ету бойынша мәселені көтереді.

Астықты экспортқа кедергісіз жіберуді қамтамасыз ету үшін 2015 жылы мынадай іс-шаралар жүргізілді:

-            2015 жылдың соңына дейін СЭҚ қатысушылармен  алдын ала келісілген астықты экспртқа шығару кестесі құрылды;

-            Демалыс және мереке күндері астықты экспортқа кедендік тазартуды жүзеге асыратын кеден органдарының кезекші лауазымды тұлғалары анықталды;

-            Кедендік декларацияны ресімдеу кезінен бастап 2 сағатқа дейін астықты экспортқа шығару қамтамасыз етілген;

-            Экспортқа астық  шығару, көлемі, вагондар саны туралы жедел ақпарат қалыптастырылады.

          Астықты экспортқа шығару кезінде кедендік шекара арқылы астықтың нақты көлемін бір тауарға арналған декларация арқылы 30 күнтізбелік күн ішінде өткізу мүмкіндігі көзделген мерзімдік декларациялау рәсімі пайдаланылуы мүмкін, бұл кедендік ресімділікті жеңілдетіп, бизнес үшін уақытты және қаржыны үнемдейді. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті жақсарту үшін бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

 

 

«Жетіқара» кеден бекеті