Шикізат экспорттаушыларына жаңа салықтық артықшылықтар

Шикізат экспорттаушыларына қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруды жеңілдету жоспарлануда. Мұндай артықшылықтарға шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде жартысын ұлттық валютаға  айырбастаған экспорттаушылар ие болады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Ол үшін салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы әзірленуде.

Беларусь Республикасынан жұмсақ бидай ұны мен спельтаны әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Беларусь Республикасы 2021 жылғы 12 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 12 наурызға дейін бір жақты тәртіппен жұмсақ бидай ұны мен спельтаны әкетуге уақытша тыйым салғанын хабарлайды.

Аталған тыйым Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің «Жұмсақ бидай ұны мен спельтаны әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» 10.12.2021 № 709 Қаулысымен енгізілген.

Қосымша: Беларусь Республикасы Үкіметінің 10.12.2021 ж. № 709 қаулысы эл.түрде.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қазіргі таңда Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан бос қазіргі заманғы және құқықтық мемлекеттің үлгісін құрайды.

 «Қазақстан-2050» стратегиясы:  құрылған елдің саяси бағыты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселе бойынша елдің  бағытын белгілейді және алдағы жылға сыбайлас жемқорлықтың базалық векторларын, сонымен қатар оны құбылыс ретінде жоюды анықтайды.

Ресей Федерациясынан бағалы металдардың, электротехникалық және электрондық бұйымдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ресей Федерациясы бір жақты тәртіппен 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап 2022 жылғы 31 шілдеге дейін құймалардағы катодты сурьманы (ЕАЭО СЭҚ ТН 7112 коды), сондай-ақ негізінен бағалы металдарды алу үшін пайдаланылатын электр техникалық және электрондық бұйымдардың қалдықтары мен сынықтарын қоспағанда, бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарын немесе бағалы металдар жалатылған металдарды, құрамында бағалы металдар немесе бағалы металдардың (ЕАЭО СЭҚ ТН 8549210000 және 8549290000 кодтары) қосындылары бар өзге де қалдықтар мен сынықтарды Р

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімдерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы» 2021 жылғы 11 қарашадағы  № 130 шешімін танысу үшін орналастырады.  

Көрсетілген шешім 2022 жылғы 30 қаңтардан  бастап күшіне енеді.

СЭҚ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 17 шешімінің (бұдан әрі – № 17 шешім, Комиссия) 2021 жылғы 12 қазаннан бастап күшіне енгені туралы хабарлаймыз.

№ 17 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі-Одақ) тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы дамушы елдердің саны айтарлықтай қысқарды.

Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылғы  15 желтоқсаннан  2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 376 бұйрығының күшіне енгені туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

«Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы  № 611 бұйрығының 2021 жылдың 07 желтоқсанынан бастап күшіне енетінін хабарлайды.

Қосымша: «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 611 бұйрығы эл. түрде.

 

ҚХР-дан шығарылатын және ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы баж туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 129 шешімімен ҚХР шығарылған, ЕАЭО СЭҚ ТН 8545 11 008 9 кодымен сыныпталатын, диаметрі 520 мм-ден аспайтын дөңгелек қималы немесе ауданы 2 700 см2-ден аспайтын өзге көлденең қималы графиттелген пештерде пайдаланылатын электродтарға қатысты Шешімнің қосымшасына сәйкес мөлшерлерде 5 жыл мерзімге демпингке қарсы баж енгізілді.

 ЕЭК Алқасының шешімі 2022 жылғы 01 сәуірден бастап күшіне енеді.

                                                                           

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден өкілдерінің назарына

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен «көлік құралдарына арналған кедендік декларация» (автокөлік құралдары бөлігінде) (бұдан әрі – КҚКД) және жолаушылар кедендік декларациясы» (бұдан әрі - ЖКД) модульдерін «Астана – 1» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «АСТАНА – 1» АЖ), декларанттарға КҚКД (автокөлік құралдары бөлігінде) және ЖКД дербес беру мүмкіндігіне рұқсат беру бөлігінде жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілді.

Украинадан шығарылатын және ЕАЭО-ға импортталатын коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баждың қолданысын ұзарту туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 07 қыркүйектегі № 110 шешімімен «Украинадан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді тот баспайтын болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпинге қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 6 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы 2026 жылдың 6 қыркүйегіне дейін ұзартылады.

ЕЭК Алқасының шешімі 2021 жылғы 09 қазаннан бастап күшіне енді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қазіргі таңда Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан бос қазіргі заманғы және құқықтық мемлекеттің үлгісін құрайды.
 «Қазақстан-2050» стратегиясы:  құрылған елдің саяси бағыты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселе бойынша елдің  бағытын белгілейді және алдағы жылға сыбайлас жемқорлықтың базалық векторларын, сонымен қатар оны құбылыс ретінде жоюды анықтайды.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.12-бөліміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 04.10.2021 ж. № 133 «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.12-бөліміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін танысу үшін орналастырады.

Беларусь Республикасынан құбыр өнімдерінің экспортын лицензиялау туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Беларусь Республикасының 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 1 сәуірге дейін біржақты тәртіппен экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде ЕАЭО СЭҚ ТН 7306 61 кодымен сыныпталатын құбыр өнімінің Беларусь Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге экспортын лицензиялау енгізілгенін хабарлайды.

Көрсетілген рұқсат беру тәртібі «Құбыр өнімдерінің экспортын лицензиялау туралы» Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 526 қаулысымен енгізілген.

СЭҚ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 1093, сондай-ақ 2018 жылғы 7 қарашадағы № 979 бұйрықтарымен Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Яғни, жоғарыда көрсетілген бұйрықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы 105330 «Жер қойнауын пайдаланушылардың басқа түсімдері» бюджеттік сыныптау кодымен (бұдан әрі - БСК) толықтырылды.