Цементтің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті танысу үшін «Цементтің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі№ 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі               № 387 бұйрығын орналастырады.                                                  

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ шикізаты қантын әкелудің кейбір мәселелері туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шілдедегі № 214 «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ шикізаты қантын әкелудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығын танысу үшін орналастырады.                                    

Армения Республикасының ІҚМ терісін әкетуге уақытша тыйым салуды енгізуі туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мынаны хабарлайды.                                                                        Армения Республикасы 2021 жылғы 14 маусымнан бастап 6 ай мерзімге ірі қара малдың өңделмеген терілерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4101), қойлардың немесе қозылардың терілерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4102), сондай-ақ өзге де өңделмеген терілерді (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4103) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетуге уақытша тыйым салуды қолданады.                  

Транзит бойынша ұлттық үйлестіруші

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ҚР ИИДМ) 22.10.2020 ж. № 551, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (ҚР ҚМ) 15.10.2020 ж. № 1022  және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің (ҚР ИСМ) 26.10.2020 ж. № 299-нқ бірлескен бұйрығымен транзит жөніндегі Ұлттық үйлестірушінің жұмыс істеуі туралы ережесі, сондай-ақ транзит бойынша жұмыс тобының құрамы бекітілді.

Транзит жөніндегі ұлттық үйлестірушінің негізгі міндеттері :

Теледидар приставканың жіктелуі туралы

ЕЭК Алқасының 2021 жылғы 1 маусымдағы № 61 «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай  тауар номеклатурасына  сәйкес теледидар приставканы жіктеу туралы» шешімі 2021 жылғы 2 шілдеде күшіне енді.

Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж жаймаларының жекелеген түрлеріне қатысты әкелу баждарының ставкалары туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 40 шешімімен осы шешім күшіне енген күннен бастап 2024 жылғы 30 сәуірді қоса алғанда, кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде ЕАЭО СЭҚ ТН 6002 40 000 0 кодымен сыныпталатын машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж жаймаларының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері белгілінген.

 ЕЭК Алқасының шешімі 2021 жылғы 27 мамырдан бастап күшіне енді.

«Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 26.03.2021 ж. № 135 бұйрығы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті танысу үшін «Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы»  ҚР Индустрия  және  инфрақұрылымдық  даму министрінің  м.а. 26.03.2021 ж. № 135 бұйрығын орналастырады.                                

Оптикалық шыныдан жасалған шыбықтарға қатысты ЕАЭО БКТ әкелу бажының мөлшерлемесі бойынша

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 46 шешімімен ЕАЭО СЭҚ ТН 7002 20 100 0 кодымен жіктелетін оптикалық шыныдан  жасалған шыбықтарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының 2021 жылғы  1 қаңтардан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кедендік құннын 0 пайызы мөлшерінде мөлшерлемесі белгіленді. 

ЕЭК Алқасының шешімі 2021 жылғы 27 маусымда күшіне енді.

                                                                                             

Украинадан шыққан болат құбырлардың жекелеген түрлеріне антиемпингтік баж салығының қолданылуын ұзарту туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 49 шешімімен «Кеден одағында Болат құбырларының кейбір түрлерін өндірушілердің  экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 702 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы 2022 жылдың 7 ақпанына дейін ұзартылады.

ЕЭК Алқасының шешімі 2021 жылғы 02 маусымнан бастап күшіне енді.

                                                                                             

Цементтің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті танысу үшін «Цементтің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.04.2021 ж.№ 216 бұйрығын орналастырады.

Қосымша: «Цементтің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.04.2021 ж.№ 216 бұйрығы эл.түрде

 

Бу шкафының жіктелуі туралы

ЕЭК Алқасының 2021 жылғы 11 мамырдағы № 54 «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай  тауар номеклатурасына  сәйкес бу шкафын жіктеу туралы» шешімі 2021 жылғы 13 маусымда күшіне енеді.