Жарияланған күні: 20.03.2019 10:33
Өзгертілген күні: 20.03.2019 10:34

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, хабарлайды:

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі.

Декларацияны мынадай адамдар ұсынуға міндетті: Қазақстанның барлық кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар адамдар, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар. Сондай – ақ, кәмелетке толмаған адамдар меншік құқығында тіркеуге жататын мүлік, банктік шоттарда жинақталған (500-ден астам ең төменгі жалақы немесе 2019 жылы-14,8 миллион теңге) болған немесе кез келген табыс алған жағдайда мүлікті декларациялауға тиіс, бұл ретте осы тұлғалар үшін декларацияны олардың заңды өкілдері табыс етеді.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшу мақсатында декларациялардың бірнеше нысаны әзірленді:

  • жүйеге кірудің алдыңғы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркеу үшін 250.00 "активтер мен міндеттемелер туралы" нысаны бойынша бастапқы декларация, жеке тұлғаның активтері, талаптары мен міндеттемелері туралы мәліметтер;
  • кірістер мен шығыстар қозғалысы, меншікке құқықтарды сатып алу немесе иеліктен айыру көрсетілетін бастапқы берілгеннен кейін келесі жылға ұсынылатын 270.00"Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы" нысаны бойынша кезекті декларация;
  • табысы жоқ немесе тек жалақы немесе зейнетақы түрінде табыс алған тұлғалар үшін 260.00 нысанды қысқаша декларация.

Декларацияны ұсынуға болады:

  1. 15 шілдеге дейінгі мерзімде мемлекеттік кірістер органдарының деректерді қабылдау және өңдеу кез келген орталығына пошта арқылы қағаз түрінде жібереді. Одан әрі республика бойынша жекелеген мемлекеттік мекемелер болып табылатын 3 өңдеу және жеткізу орталықтарын құру жоспарлануда. Өңдеу және жеткізу орталықтарының функциялары қағаз тасығышта ұсынылған декларацияларды сканерлеуден және оларды дерекқорға орналастырудан тұрады.
  2. Электрондық түрде. Декларацияларды электрондық түрде ұсынған кезде 2 айға, яғни 15 қыркүйектен кешіктірмей (15 шілденің орнына) автоматты түрде кейінге қалдыру ұсынылады.

Декларацияны электронды тапсыру үшін электронды-сандық қолтаңба қажет.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы