Жарияланған күні: 17.05.2019 18:36
Өзгертілген күні: 20.05.2019 09:20

Ағымдағы жылдың 17 мамырында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Бекшин Қуанышбек Махметұлы салық төлеушілермен және СЭҚ қатысушыларымен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында Қ. М. Бекшин қатысушыларды Әдеп жөніндегі уәкілдің ережесімен, негізгі функциялары - этикалық нормалардың бұзылуының алдын алу, Мемлекеттік қызметшілерге этикалық нормаларды қолдану мәселелері бойынша кеңес беру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық климатты қалыптастырумен таныстырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодекс нормаларын сақтауына толық тоқталды.

Кездесу диалог түрінде өтті, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілінен кеңес алу үшін сәрсенбі күні сағат 15.00-ден 18.30-ға дейін Қостанай қаласы, Майлин көшесі, 2а, 207-кабинет, 53-62-00 телефоны бойынша хабарласуға болады.