Жарияланған күні: 14.11.2018 10:25
Өзгертілген күні: 14.11.2018 10:27

 

          Камералдық бақылау басқармасы бюджеттен табыс салығын қайтару бойынша салық төлеушілерге 25.12.2017 жылғы № 120-И Салық кодексінің 672, 673, 674 б. (ескі редакциясы 2008 ж. Салық кодексінің 217 б.) өзгертулер енгізілгенін хабарлайды.

          Осылай, 673 бапта бейрезиденттің бюджеттен төленген табыс салығын  қайтару арызының мерзімі халықаралық келісімнің негізінде 30 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

           Сонымен қатар, берілген бап 6 пунктімен толықтырылды: жеке тұлға-бейрезидентпен бюджетке табыс салығы салық агенті болып табылмайтын тұлғалардан алынған кірістермен төленген жағдайда, осы баптың 7 пунктінде көрсетілген шешім, осы Кодекстің 672 б. 3 пунктімен белгіленген табыс салығын қайтару арызына қосылған құжаттардың және бейрезидентпен ұсынылған табыс салығының есептілігіндегі мәліметтердің негізінде қабылданады.

            674 баптың 1 пунктісі құзырлы органға шағым беру күні құзырлы органмен шағымды алу күні болып есептелінетіндігі жөніндегі абзацпен толықтырылды.

             Аталған баптағы 4 пунктінде бейрезидентке шағымды қараудан бас тарту мерзімі 5 күнге көбейтілді.

             Алдыңғы 2008 жылғы Салық кодексінің 217 баптың 22 пунктісімен белгіленген Бейрезидент 217 баптың 11 немесе 20-тармақтарында көрсетілген шешімге осы Кодекстің 218-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде сотқа шағым (арыз) берген жағдайда, шартты банк салымына орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді банкке жіберу сот шағымды (арызды) іске алған күннен бастап сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұратыны жөніндегі нормасы алынып тасталды.

             Одан бөлек, салық төлеушілерге бюджеттен табыс салығын қайтару үшін, Сізге белгіленген үлгідегі (12.02.2018 ж. №160 ҚР ҚМ бұйрығының № 5 қосымшасы) арызды тиісті құжаттармен бірге ұсыну керек екендігін хабарлаймыз.