Жарияланған күні: 20.05.2019 14:35
Өзгертілген күні: 21.05.2019 16:11

Электронды сауда кезінде жеңілдетілген салық салу нормасы 2018 жылдан  бастап енгізілді. олар бойынша өзгерістер жоқ.

Кімнің осы сауда түрімен айналысуға құқығы бар?

Біріншіден, салық төлеуші (СТ) Қазақстан Республикасында заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер (ЗТ немесе ЖК) ретінде тіркелген болуы тиіс.

Екіншіден, тауарларды сату интернет-дүкен немесе электрондық алаң арқылы жүргізілуі тиіс. Міндетті шарттар:

 -  қолма қол ақшасыз төлеммен ғана төлеу;

- жеке жеткізу қызметінің болуы немесе, Казпочтаның курьерлік қызметімен шарт жасасу;

- электрондық саудадан түскен табыс сомасы 90% - дан кем болмауы тиіс.

Осы барлық шарттар болған жағдайда салық төлеуші салық органдарына қызметтің жекелеген түрлерін тіркеу туралы хабарлама (жаңа үлгідегі) жібереді.

Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істейтін аталған санаттағы тұлғалар үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Заңды тұлғалар үшін - корпоративтік немесе жеке табыс салығы (КТС, ЖТС) 100% - ға азаяды;  (CК 293б. 3т. )

ЖТ- электрондық сауда-саттықтан алынған табыс сомасына өз табысын азайтады.

Бұл ретте CТ-де  салық органдарына жылына 1 рет есеп беру бойынша міндеттемелер туындайды (нысан әзірленуде), (ҚМ 2018 ж. 16 ақпандағы              № 222 бұйрығы).

Балама бар: егер күн сайын ЭШФ жазып берілетін болса, онда есепті тапсырудың қажеті жоқ.

 ЕДБ (екінші деңгейлі банктер) сондай-ақ тоқсан сайын СЕА, есеп айырысу шоттары, шоттардағы қалдықтар және қозғалысы туралы мәліметтер   ұсынуы міндеттеледі.

Жеткізу қызметтері СЕ сұрау салу бойынша мәліметтер ( 28б. 3т.), (ҚМ  2018 ж. 16 ақпандағы  № 221 бұйрығы).

Жаңа:

2018 жылдың қараша айынан бастап салық төлеушілер электронды түрде тауарларды сатуды жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама бере алады, яғни «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасында іске асырылды (бұдан әрі – ЕЛМДҚ АЖ).

         Бұл хабарлама жеке қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей салық органына ұсынылады.

 

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ