Жарияланған күні: 11.10.2018 18:47
Өзгертілген күні: 16.10.2018 09:55

                                                   2018 жылдың 10 қазанында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары инженерлік-экономикалық университетінің есепшілеріне арналған бірыңғай жыл сайынғы 1 С семинарына қатысты.

Департаменттің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Н.В. Седых «Виртуалды қойма» деп аталатын модуль туралы, сондай-ақ Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы Р.Ш.Иралимова  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап корпоративтік, жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық кодексіне  енгізілетін негізгі өзгерістері  туралы айтып берді.                                                        

Семинар соңында, «Виртуалды қойма» модуліндегі жұмыс туралы салық заңнамасына қатысты есепшілердің, қай уақыттан және қандай нормативтік актілерінің негізінде, модульде кім жұмыс істеуі керек, «Виртуалды қоймада» бірнеше қоймаларды құру туралы - салық төлеушінің құқығы немесе міндеті, тұрғын үйлерге салынатын қосылған құн салығы, есепке жатқызу тәртіб,і АҚС келісімшарт бойынша салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шегеру тәртібі және т.б. ауызша өтініштеріне жауаптар берілді

                                              Түсіндіру жұмыс басқармасы