Жарияланған күні: 13.03.2018 14:48
Өзгертілген күні: 15.03.2018 18:20

Мереке құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиналыста ұжымның ерлер қауымы әйелдерге жылы құттықтау сөздерін білдірді.

Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада ерлер ұжымы әйелдерге сый-құрметін көрсетіп, жылы лебіздерін білдіру жақсы бір дәстүрге айналғандай.  

Жиналған қауымды Департамент басшысының орынбасары Қ.М.Бекшин құттықтады, 8 наурыз – бұл барлық әйелдердің құқығы туралы еске түсіру күні ғана емес, сонымен қатар қоғамда әйелдің атқаратын рөлі, белсенді азаматтық позицияның символы екенін атап өтті.

Заманауи қазақстандық әйелдің образы ең жақсы қасиеттерге ие, ал қазіргі уақытта ол өмірдің әр түрлі саласында, қиын жағдай туғанда жауапты шешімдерді қабылдап, отбасында аналық қамқорлығын көрсете отырып, жоғары кәсіпқойлылығымен толықтырылуда. Қандай сала болмасын: өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және ерекше сала денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет әйелдің қатысуынсыз болмайды.

Бүгін мемлекеттік кірістер органдары ұжымының жұмысын әйелдерсіз, олардың еңбегінсіз елестету мүмкін емес. Департаментте жұмыс істейтін әйелдер жеңіл емес және жауапты еңбекке қарамастан, қамқор ана және адал жар, сенімді дос және әріптес болып қала бермек. Олар үй ошағын сақтап, отбасылық құндылықты  ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетуде.

Осы күні ардагер әйелдерге ерекше алғыс айтылды.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, қызметтік міндеттерін үлгілі және адал атқарғаны үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының бұйрығымен мына арулар марапатталды: 

1.Зарина Серімжанқызы Бекмұхамедова, Борыштармен жұмыс басқармасының бөлім басшысы;

2.Анар Тлегенқызы Рахметова Тарифтік реттеу және посткедендік бақылау басқармасының бас маманы;

3.Гүлсара Жақсылыққызы Макаева, Кедендік бақылау басқармасының бас маманы;

4.Анар Темірболатқызы Айтпаева Талдау және тәуекелдер басқармасының бас маманы;

5.Гүлжанат Жоламанқызы Жақаева, Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бас маманы;

6.Лязат Әміржанқызы Сейлева, Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы;

7.Роза Жалғасқызы Берденова, Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы;

8.Гүлмира Серғазықызы Жұмақова, Жедел-іздестіру қызметі басқармасының бас маманы – аға офицері;

9.Ирина Владимировна Катькова,  Жедел-іздестіру қызметі басқармасының бас маманы – аға офицері.

Мерекелік іс-шара «А ну-ка девушки!» конкурсымен жалғасты, оған Департамент басқармаларының жеті маманы қатысты. Сайыс екі конкурсты қамтыды – өзін өзі таныстыру және шығармашылық. Барлық қыздар өздерін көрсете білді, өздерінің творчестволық мүмкіндіктерін, дырындылығын би билеп, ән салып, өлең оқып ашты. Әр конкурсқа қатысушы қошеметке ие болды, қорытынды бойынша жеті номинация анықталды: «Мисс  артистичность» Акшолпан Кошеметова Талдау және тәуекелдер басқармасының бас маманы, «Мисс неотразимость»  Айгерим Кенкенова Камералдық бақылау басқармасының бас маманы, «Мисс прелесть» Марина Сапарбаева  Борыштармен жұмыс басқармасының бас маманы, «Мисс талант» Анар Айтпаева Талдау және тәуекелдер басқармасының бас маманы, «Мисс обаяние» Шолпан Байгуттина Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы, «Мисс очарование» Жулдызай Жаканова главный Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы, «Мисс совершенство» - Жумабекова Айгерим Ұйымдастыру-қаржы басқармасының өкілі.