Жарияланған күні: 16.08.2019 10:54
Өзгертілген күні: 16.08.2019 10:56

        Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді, сондай-ақ өзге де қызметті жүзеге асырады.

         2019 жылы 21 тамызда Әдеп жөніндегі уәкіл Қуанышбек  Махметұлы  Бекшин азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізеді.

 Азаматтарды қабылдау уақыты сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін. Қабылдау орны: Қостанай облысы бойынша МКД, Майлин көшесі, 2А үй, 208 кабинет, телефон 8 (7142) 53-62-00, IP 4005.